Вермия-Мазур университетімен ынтымақтастық

11.10.2017

Көрулер: 2886

ҚазҰУ басшылығы Вермия-Мазур университетінің ректоры Рышард Гурецкибастаған Польша Республикасы делегациясымен кездесті.

Кездесуді алғы сөзімен ашқан Ғалым Мұтанов: «Польша жоғары оқу орындарымен ҚазҰУ он тоғыз жыл бұрын ынтымақтастық орнатуды бастап кеткен және осы уақыт аралығында оқытушылар мен студенттерге түрлі білім беру бағдарламалары мен халықаралық конференцияларға қатысуға мүмкіндік беретін бірқатар  келісімдер мен меморандумдарға қол қойылды. ҚазҰУ Вермия-Мазур университетімен білім мен ғылым саласын дамытуда болашақта сенімді серіктеске айналады деп сенемін»,- деді ректор.

Кездесу барысында тараптар екі университет арасында биология, химия, физика, математика, IT, медицина және басқа да бағыттарында қарым-қатынас орнатып, бірлесіп мамандар дайындау жайын сөз етті. Сондай-ақ екі жақ бірлескен білім беру, ғылыми орталық, студенттермен алмасу, ғылыми зерттеу, ғылыми технология сынды салаларда әріптестікті нығайтып, болашақ ынтымақтастықты жетілдіруді талқыға салды.

Кездесу аяғында делегация құрамына ерекше қонақжайлылық танытқаны үшін алғыс білдірген Вермия-Мазур университетінің ректоры Рышард Гурецки алдымен өз университеті туралы ықшам ақпар беріп, ҚазҰУ-мен ынтымақтастық орнату біз үшін үлкен мәртебе екендігін тілге тиек етті.

Баспасөз қызметі