Алматыда үздік ғалымдар марапатталды

09.10.2017

Көрулер: 4519

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Springer Nature әйгілі халықаралық басылымның «жиі басылымға шығатын ұйым» аталымын жеңіп алды.

2017 жылдың 6 қазанында жыл сайынғы Springer Nature Awards байқауы болып өтті. Айтулы шарада әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Орта Азиядағы «Жиі басылымға шығатын ұйым» жоғары мәртебесіне ие болды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ екінші жыл қатарынан Springer Nature әлемдегі ірі баспаның жиі басылымға шығатын ұйымы атануда. Аталмыш ақпарат халықаралық қоғамдастықтың университет ғалымдары жүргізген зерттеулерге деген жоғары бағасын кезекті рет дәлелдеп отыр.

Әлемдік ғылым кеңістігіндегі интеграция, қазақстандық ғалымдардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының жетістіктерімен халықаралық қоғамдастықты таныстыру әл-Фараби атындағы ҚазҰУ дамуындағы басымдықтардың бірі болып табылады.

Springer Nature Awards марапаттау рәсімі барысында университет ғалымдары жарияланған үздік мақалалар аталымы бойынша марапатталды. Олар: «Биология ғылымдары және биомедицина» аталымы бойынша биология және биотехнология факультетінің деканы Болатхан Қазықанұлы Заядан, «Physical Sciences» (жаратылыстану ғылымдары) бойынша физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасының профессоры Жақсынтай Қайырбеков, «Technology» (Технология) аталымы бойынша Жану мәселелері институтының директоры Зұлхайыр Айтмұхамбетұлы Мансұров.

Атап өту керек, Springer Nature 1842 жылы жарық көрген әлемдегі халықаралық ірі ғылыми басылым болып табылады. Қазіргі таңда мұнда 3150 журнал шығады, оның ең ірісі Nature журналы.

 

Баспасөз қызметі