Аса көрнекті түлек

25.09.2017

Көрулер: 4759

ҚР Жоғары сот төрағасы, ҚазҰУ Түлектер қауымдастығының президенті Қайрат Мәми әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтановқа алғыс хат жолдады. Алғашқы болып «Аса көрнекті түлек» медалімен марапатталған Жоғары сот төрағасы қабылданған шешім үшін университет Ғылыми кеңесіне ризашылық білдіріп, ҚазҰУ ректорына лебізін жеткізді.

Өз хатында ол «ҚазҰУ Түлектер қауымдастығын ұзақ уақыт басқара отырып, бұл марапатқа көптеген лайықтыларды білемін. Бұл адамдар ҚазҰУ-дың қалыптасуында ғана емес, біздің еліміздің түрлі саласында айтарлықтай үлесін қосып келе жатыр. Аталмыш ақпараттың алынған медальда мәні зор және Түлектер қауымдастығы президенті лауазымы мен университет дамуы бойынша менің жеке қызметіме оқытушы-профессорлық құрамның тарапынан берілген жоғары бағасы болып табылады»,- деп атап өтті Қ.Мами.

Ол жолдаған хатында туған альма-матері әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың игілігі үшін бар күш-жігерін сала түсуге уәде берді.

Баспасөз қызметі