Қылмыстық іс өндірісінің тиімді жүргізілуі

14.09.2017

Көрулер: 3415

Қылмыстық іс-жүргізу заңнамасын жетілдіру және сот реформасын жүргізу бағдарламасы аясында 15 қыркүйек 2017 жылы «Қылмыстық іс өндірісінің тиімді жүргізілуі – қазіргі құқық қорғау жүйесі дамуының басым бағыты» атты дөңгелек үстел өтеді. Дөңгелек үстел заңнаманы жетілдіру және сот реформасын жүргізу тақырыбы аясында өтеді.

Қазақстан Республикасының құқықтық саясат Тұжырымдамасында атап өткендей мемлекетіміздің дамуының қазіргі кезеңінде адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған қылмыстық-процессуалдық құқықты одан әрі жетілдіру үшін қылмыстық сот ісін жүргізудің негізін қалаушы қағидаттар мен бағыттарды жетілдіру керек. Сондықтан дөңгелек үстелдің негізгі бағыты ғылыми-практикалық негіздеме жасау, талқылау жүргізу, қылмыстық-процессуалдық заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелерін жетілдіру болып табылады.

Дөңгелек үстелдің мақсаты: Қылмыстық іс-жүргізу заңнамасының негізгі мәселелерін анықтау және ұлттық заңнаманы реформалау үшін ғылыми-тәжірибелік ұсыныстар қалыптастыру.

Дөңгелек үстелдің тақырыбы:

1. Қылмыстық іс жүргізу заңнамасын жалпы жетілдіру мәселелері.

2. Сотқа дейінгі іс жүргізу мәселелері,

3. Басты сот талқылауын жетілдіру мәселелері.

4. Сот үкімін орындау: теория және тәжірибе мәселелері.

5. Қылмыстық сот ісін жүргізудегі адам құқықтарын қорғау мәселесі.

Дөңгелек үстел жұмысына Қазақстан Республикасының құқық қорғау және сот органдарының басшылары, танымал ғалымдар, қорғаушылар, халықаралық сарапшылар және қоғамдық құқық қорғау ұйымдары қатысады.

Дөңгелек үстелдің өткізу орны мен уақыты: 15 қыркүйек 2017 жыл, 10.30. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми кітапханасы, 4-қабат, конференц-зал № 2.

Байланыс телефоны: 377-35-15, baideldinovd@gmail.com