ҚазҰУ-дың студенті тағы да жеңіске жетті!

24.08.2017

Көрулер: 3739

ҚазҰУ студенті Дмитрий Баландин Тайбэде өтіп жатқан 2017 Жазғы Универсиададаның күміс жүлдегері атанды.    

Шешуші сәтте соңғы 50 метрден өтіп, екі ресей спортсменін артта қалдырған Д. Баландин күміс медальді қанжығасына байлады. Қазақстандық спортшының ақтық мәредегі жүзу уақыты 2 минут 9 секунд 70 сотықты құрады.

Д. Баландин үшін бұл Универсиадада жеңіп алған екінші медалі болды. Алдыңғы сайыстарда спортшы 100 метрлік қашықтықта жүзуден үшінші орын иеленген болатын.

 

Баспасөз қызметі