Ұлы Алтай жолымен

05.07.2017

Көрулер: 4663

Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымына кіруіне  25-жылдығына арналған ҚР Білім және ғылым министрлігі  «Елдің  зияткерлік әлеуеті» мемлекеттік бағдарламасы, Халықаралық тұрақты туризм жылы аясында ҚР БҰҰ Ақпараттық Бюро қолдауымен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті профессор Зайнолла Самашевтың 70-жылдығына арналған «ҰЛЫ АЛТАЙ ЖОЛЫМЕН» археологиялық медиакеруені  Шығыс Қазақстанда зерттеулер жүргізді. 

Археологиялық медиакеруен траекториясында: Алматы – Шілікті – Күршім – Берел; Астана –  Шыңғыстау –  Берел мекендері қамтылған. Медиакеруен аясында кешенді археологиялық зерттеулер мен ақпараттық ағарту және журналистерге арналған «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайында пресс-тур өтті.

Осы уақыт аралығында «Ежелгі және ортағасырлық Еуразияның мәдени-тарихи үрдістері контекстіндегі Алтай археологиясы» Халықаралық Жазғы археология мектебі жұмыс жасады. Оған әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Л. Гумилев ат. Еуразия ұлттық университеті, А. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті және Ресей Федерациясы университеттерінің Жазғы мектеп күндері Берелдегі қазба жұмысына қатысқан археолог-студенттеріне еліміздің белгілі археологтары мен этнологтары көшпелі дала семинарларын, шеберлік сағаттарын өткізіп, дәрістер оқыды. Аталмыш университет студенттері «Берел» археологиялық экспедициясы (ғылыми жетекшісі академик Зейнолла  Самашев), «Алтай» археологиялық экспедициясы (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті; ғылыми жетекшісі доцент Ғани Омаров),  «Шыңғыстау» археологиялық экспедициясы,  (Л.Н. Гумилев ат. Еуразия ұлттық университеті, ғылыми жетекші  доцент Ұлан Үмітқалиев); «Қазақ елі»  экспедициясы (ғылыми жетекшісі профессор Гүлмира  Сұлтанбаева,  әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) құрамында тәжірибеден өтті.

 

 

Тарих, археология жəне этнология факультеті