ҚазҰУ қыздар құрама командасы Чэндуда

29.06.2017

Көрулер: 3907

Чэнду (Қытай) қаласында баскетболдан 3х3 18 жасқа дейінгі Әлем кубогы басталды. 2 шілдеге дейін жалғасатын жарысқа ұлдар мен қыздар санатынан 37 елден 20 команда қатысады.  Біздің қарсылас топта Испания, Франция (3x3 баскетболдан соңғы екі жылда әлем кубогының екі дүркін чемпионы), Египет және Сингапурдың құрама командалары бар.ҚазҰУ медицина факультетінің екі студенті Мубаракова Раиля және Байболекова Мадина 2 жыл қатарынан Қазақстан құрама командасының намысын қорғауда.  Естеріңізге салар болсақ, былтырғы жылы Астанада өткен 3х3 18 жасқа дейінгі баскетболдан Әлем кубогында біздің спортшылар жоғары нәтиже көрсетті. Бүгін қыздар 2 топтық ойын кезеңінде Египет және Испания құрама командаларына қарсы ойнап, нәтижесінде Египет құрамасын 15:6 есебімен жеңді.  


Баспасөз қызметі