ҚазҰУ жастары Астана әуежайының атын өзгертуді қолдайды

23.06.2017

Көрулер: 3649

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде  Жастар ұйымдары Комитетінің отырысында студенттер Астана қаласының Халықаралық әуежайына Елбасының есімін беру жайын талқылады. Біздің тәуелсіз мемлекетімізді құрудағы Елбасының ерен еңбегіне лайықты баға беретін, барлық қазақстандықтар үшін елеулі оқиғаны жастар зор қуанышпен әрі құлшыныспен қабылдады.

Тәуелсіздік жылдары Қазақстанның саясат, экономика, әлеуметтік салада қол жеткізген жетістіктері мен табыстарын біз Нұрсұлтан Әбішұлының есімімен байланыстырамыз. Елбасының арқасында Қазақстан тұрақтылық пен келісімнің, бейбітшіліктің үлгісі болып табылып, әлемге танымал әрі бәсекегеқабілетті мемлекет болды. Оның қолдауының нәтижесінде біздің арман-мақсаттарымыз жүзеге асуда. Мемлекет басшысының бастамасымен он мыңдаған жастар «Болашақ» бірегей бағдарламасы аясында әлемнің жетекші оқу орындарында білім алуға мүмкіндік алды. «Диломмен ауылға!», «Жасыл ел», «Жастар тәжірибесі», «Серпін», «Жастардың кадрлық резерві», «Жастар – Отанға!», «Сәтті қадам» сияқты ірі жобалардың арқасында жас буын үшін өмірлік маңызды мәселелер шешілуде. Олардың барлығы қазақстандық жастардың жаңа стандарттарға сәйкес, білім мен кәсіби мансапта да бәсекеге қабілетті болуы үшін бағытталған. Бүгінде жастар ел өмірінің барлық саласына атсалысып жүр, ол үшін олардың өзін-өзі ойдағыдай жетілдіруі барысында барлық жағдай жасалуда.

Біз Қазақстан халқы, оның ішінде жастар өз Президентінің еңбегін жоғары бағалайтынымызды, оның стратегиялық курсы шеңберінде одан да көп біріккендігімізді барлық халықаралық бірлестіктерге көрсету өте маңызды деп есептейміз. Біздің Президентіміз жастарға, әлемді жақсы жаққа өзгертуге міндетті әрі қабілетті қоғамның күші ретінде көп көңіл бөлуде. Және біз бұл жоғары сенімді ақтау үшін Тәуелсіз Қазақстанның гүлдену жолында бар біліміміз бен күш-жігерімізді салып өз тарапымыздан барлық мүмкіншілікті жасаймыз.

ҚазҰУ жастар ұйымдары

 Комитеті