Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әлемнің үздік 250 университетінің қатарына енді

05.06.2017

Көрулер: 8855

World university Rankings QS (Ұлыбритания) халықаралық беделді рейтинг агенттігінің зерттеулеріне сәйкес әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әлемнің 250 үздік университетінің қатарына еніп, 236 орнын сақтап қалды. Осы жылы бұл топқа ТМД елдерінің төрт университеті кірді – М.Ломоносов атындағы ММУ, Новосибирск пен Санкт-Петербор мемлекеттік униве­рситеттері және ҚазҰУ.

Қазақстандық жетекші оқу орны Орталық Азия мен ТМД елдерінде өзінің көшбасшылығын дәлелдеп, әлемдік деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігі жоғары екендігін көрсетті.

QS рейтингісін жүргізу барысында академиялық бедел, ғылыми жарияланым, оқытушылар мен білім алушылардың ара салмағы, жұмыс берушілер арасындағы бедел, шетелдік оқытушылары мен студенттерінің үлесі тәрізді көрсеткіштер есепке алынды.  

Университеттің халықаралық рейтингте табысты түрде алға жылжуына заманауи талаптарға сай жүзеге асырылған кешенді құрылымдық жетілдіру ықпал етті. QS сарапшыларының кеңесімен әлемнің жетекші университеттері ҚазҰУ-дың ілгері жылжу тәжірибесін зерттеуде. Университет білім мен ғылымның, инновацияның жетекші орталығы ретінде әлемнің 200 үздік университетінің қатарына кіруді көздейді.

 

Баспасөз қызметі