ҚазҰУ БҰҰ жүктеген міндетті нәтижелі орындауда – Насир Абдулазиз әл-Насер

12.05.2017

Көрулер: 3714

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ БҰҰ-ның тұрақты даму бойынша «Академиялық ықпал» Жаһандық Хабын бас­қара отырып, Біріккен ұлттар ұйы­мының өзіне жүктеген міндеттерін нәтижелі орындауда деп санайды БҰҰ Өркениеттер альянсінің  Жоғары өкілі Насир Абдулазиз әл-Насер.

«Біз бұл күрделі әрі бүкіл әлемге қажетті жұмысты жоғары бағалаймыз. Университет «Академиялық ықпал» бағдарламасын жүзеге асыруда БҰҰ-ның сенімді серіктесі болып табылады және әлемдік академиялық бірлестікті өз қызметіне белсенді түрде тартуда», – деп Насир Абдулазиз әл-Насер ҚазҰУ-да университет оқытушылары және студенттерімен, Қазақстандағы шетелдік дипломатиялық корпус, қоғам және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен өткен кездесуінде атап өтті.

Айта кетерлігі, ҚазҰУ – ҚР Президенті Нұрсұлтан Назар­баевтың «Жасыл көпір» және «G-Global» бастамаларының энергоэкология­лық стратегиясына қолдау ретінде ТМД университеттері ішінен RIO+20 әлемдік саммитінде секция ашу жоғары құрметіне ие болған бірден-бір оқу орны. Университет тұрақты даму мәселелері бойынша ІІІ Азия университеттері ректорларының форумына ұйымдастырушылық етті. Оқу орны «Жаңа Жібек жолы – БҰҰ моделі» бүкіләлемдік студенттік ойынының бір бөлігі болып табылады, сондай-ақ, Колумбия уни­верситетімен бірге тұрақты даму бойынша мамандар даярлайтын «MDP Global Classroom» бағдарламасын сәтті жүзеге асыруда. 

2015 жылы Сеулде (Оңт. Корея) өткен ІІ «БҰҰ академиялық ықпал» форумында Біріккен ұлттар ұйымының хатшысы Пан Ги Мун тұрақты даму бойынша БҰҰ жаһандық хабын басқарған ҚазҰУ қызметіне жоғары баға берді. БҰҰ-ның 70 жылдық мерейтойы аясында ҚазҰУ аталмыш халықаралық беделді ұйымның штаб-пәтерінде «START International conference» атты конференцияны ашу мәртебесіне ие болды.

Баспасөз қызметі