Ұялы телефон қосымшаларын құрастыру тренингі

21.02.2017

Көрулер: 3944

ҚазҰУ-дың Sаmsung инновациялық академиясында «Ұялы телефон қосымшаларын  құрастыру" курсын оқу үдерісіне енгізу бойынша тренинг өтті.

ҚазҰУ физика-техникалық факультеті мен Орта Азиялық техника-экономикалық колледжінің оқытушыларының ұйымдастыруымен өткен шара жұмысына Орта Азиялық техника-экономикалық колледжінің физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент Нехорошев В.Д. жетекшілік етіп, ұялы телефон қосымшаларын жасау және Android Studio жайлы айқын ақпарат берді.Тәжірибеге ұласқан курс барысында қатысушылар ұялы телефон қосымшаларын жасайтын негізгі орта Android Studio- ны персоналды компьютерге орнатып, алғашқы қосымшаларын жасап көрді.

Сонымен бірге, ҚазҰУ физика-техникалық факультеті, қатты дене физикасы және бейсызық физика кафедрасының кафедра меңгерушінің оқу-әдістемелік және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, PhD доктор Ибраимов М.К. және «Радиотехника, электроника және телекоммуникация» мамандығының 2 курс магистранттары Ханиев Б.А., Мейрамбекұлы Н. «Автоматизацияланған жүйе үшін ұялы телефон қосымшаларын және интерфейстерді жасау» тақырыбында баяндама оқып, оқытушылар ойында жүрген сан түрлі сауалдарына жауап алды.

Шара соңында тренинг нәтижесі талқыланып, бұл курстың артықшылықтары мен кемшіліктерін оқу процесіне енгізу маңызы айқындалды.Сондай-ақ, қатысушыларға курсты табысты аяқтағандары үшін сертификат тапсырылды.

Айтып өтерлігі, оқу процесіне бұл курсты енгізудің маңыздылығы: заманауи технологиялар үдерісіне сай бола тұра, елімізде SMART жүйелерді, цифрлық автоматтандырылған техниканы толықтай енгізуге өз үлесін қоспақ.