Оқытушылардың ғылыми жетістіктерінің көрмесі өтті

17.02.2017

Көрулер: 2744

Ақпан айының 17-сі күні археология, этнология және музеология кафедрасы оқытушыларының ғылыми жетістіктерінің көрмесі өтті.

Көрме аясында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Остров крым» ғылыми-реставрациялық зертханасының директоры, белгілі суретші-реставратор Қырым Алтынбековтың «Археологилық өңдеу және консервациялау. Күлден қайта жанданған Тақсай ханшайымы» тақырыбында көшбасшылық дәрісі ұйымдастырылды.

Дәріс барысында Қырым Алтынбеков көнеге көз жүгірте отырып көпшілік назарына археологиялық өңдеуден өткен, консервацияланған құрал-саймандарды ұсынды. Олардың бұрынығы кейпінен өзгерген, өңделген бейнесін көрсетіп, жиналған қауымның қызығушылығын тудырды. Шараға қатысқан тарих факультетінің бірқатар студенттері мен оқытушылары Кырым Алтынбековтың талантына тамсанып қайтты.

Қырым Алтынбеков ҚР Суретшілер одағының мүшесі. «Құрмет» орденімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен марапатталған мәдениет қайраткері. Сондай-ақ, ол Қазақстан, Ресей мен Франциядағы көне қорғандардан артефакттарды алу жұмыстарына қатысқан. Біршама шетелдерде көрме өткізіп, дәрістер оқыған.