Имидждік киім және қайырымдылық дүкендері ашылды

13.02.2017

Көрулер: 5800

«Керемет» қызмет көрсету орталығында имидждік киім және қайырымдылық дүкендері ашылды.

Құрметті ҚазҰУ студенттері мен қызметкерлері! «Керемет» қызмет көрсету орталығында имидждік киім және қайырымдылық дүкендері ашылды.
Имидждік киім дүкеннен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ логотипі бейнеленген киім ала аласыздар. Дүкен жеке тапсырыстарды қабылдайды. Қайырымдылық дүкенінде әрбір қалаған адам мұқтаж студенттерге өз заттарын қайырымдылық мақсатында өткізе алады (киім және аяқ-киім;спорттық жабдықтар, коньки, шаңғы; кітаптар; ойыншықтар; шағын тұрмыстық техника).

Құрметпен, «Керемет» СҚКО әкімшілігі.