ҚазҰУ-да Қабдеш Жұмаділовпен кездесу өтті

12.01.2017

Көрулер: 3435

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Алматы қаласы «Жас Отан» ЖҚ Бостандық аудандық бөлімшесінің ұйымдастыруымен «Ұрпақтар сабақтастығы» жобасы аясында Қазақстанның халық жазушысы Қабдеш Жұмаділовтың жастармен кездесуі өтті. 

Айта кету керек, Қабдеш Жұмаділов - М.Әуезов атындағы әдеби сыйлық, Абай атындағы Мемлекеттік сыйлық иегері, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасы мен «Парасат» орденінің иегері, бірнеше тарихи романдардың авторы.

Шара барысында жазушы жастарды шығармашылығымен таныстырып, еңбек жолындағы қызықты сәттерін баяндап берді. Кездесу ғибратты әңгімелерге толы болып, терең ойлы тақырыптар қозғалды.

Сондай-ақ, кездесуде жастар өздерін қызықтыратын сұрақтарын қоюмен қатар, өнерлерін де көрсетті. Шараның белсенді қатысушыларына Қабдеш Жұмаділов ізгі тілектерін жазып, авторлық туындыларын тарту етті.

zhasotan.kz