Психолог күніне арналған салтанатты мерекелік шара

29.12.2016

Көрулер: 4087

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, философия және саясаттану факультетінде Психолог күніне арналған салтанатты мерекелік шара өтті. Бұл шараға жалпы және қолданбалы психология кафедрасының оқытушылары қатысты. Мерекелік шара 4 бөлімнен тұрды: сахналандырылған көрініс; Жаңа жылдағы бақыт пен психологияның жалпы бейнесін салу деген тапсырма; мұғалімдерді әр түрлі номинацияларда мақтау қағаздарымен бейресми марапаттау; 2 курс магистранттары жазып шығарған қорытынды өлең.

Ұйымдастырушылар: жалпы және қолданбалы психология кафедрасының 2 курс магистранттары.