«Ішкі ортаның турбуленттік жағдайында Қазақстан экономикасын дағдарысқа қарсы басқару»

06.12.2016

Көрулер: 3896

2016 жылы 24-25 қараша күндері әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Экономика және бизнес Жоғары мектебінде «Менеджмент және маркетинг» кафедрасының ұйымдастыруымен «Ішкі ортаның турбуленттік жағдайында Қазақстан экономикасын дағдарысқа қарсы басқару» тақырыбында Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияда келесідей Қазақстанның басқа да қалалары мен ЖОО-нан және шетел өкілдері қатысты:

1)  «Environment Europe» мемлекеттік емес мекемесі (Оксфорд, Ұлыбритания);

2)  Мюнхен стратегиялық мәдениетаралық байланыс орталығы (Германия, Мюнхен қ.);

3)  University of Applied Sciences Saarbrücken, Германия;

4)  Kastamonu üniversitesi, Түркия;

5)  Экономика және кәсіпкерлік университеті, Қырғызстан;

6)  Universitat Politècnica de València, Испания;

7)  Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті;

8)  Алматы энергетика және байланыс университеті;

9)  Нархоз Университеті, Алматы қ.;

10) С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, Астана қаласы.

Пленарлық бөлімде 7 доклад тыңдалды, оның 3 доклады шетелдік қатысушылармен жасалды, нақтырақ: PhD докторы, профессор, Мюнхен стратегиялық мәдениетаралық орталығының (Германия, Мюнхен) Бас директоры Константин Шамбер, философия докторы, «Environment Europe» (Оксфорд, Ұлыбритания) мемлекеттік емес мекеме директоры Станислав Шмелев, master project manager & Building Engineer, PhD докторанты, Валенсия Политехникалық университет (Испания, Валенсия қаласы) оқытушысы Igor Fernández Plazaola.

Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда (ХҒПК) ұсынылған ғылыми мақала түріндегі материалдар (119 мақала), «Ішкі ортаның турбуленттік жағдайында Қазақстан экономикасын дағдарысқа қарсы басқару» Алматы қ., 2016 ж. 24-25 қараша – Алматы: Қазақ Университеті, 2016. – 394 б. жинағында жарияланды.