Германияның академиялық қызметінің (DAAD) өкілдері ҚазҰУ –да болып қайтты.

26.10.2016

Көрулер: 3419

 Германияның академиялық қызметінің (DAAD) өкілдері ҚазҰУ –да болып қайтты. Алматыдағы ақпараттық DAAD орталығының жетекшісі Бартоломеус Минковски университеттің ғылыми-білім және инновациялық қызметіне жоғары баға берді. ҚазҰУ Германияның ғылыми орталықтармен үздік университеттерімен серіктестік орнатып қана қоймай, бұрыннан бері неміс өкілдіктері мен қорларымен достық қарым-қатынастарын дамытуда. Университетте жұмыс жасап жатқан герман зерттеу Орталығында неміс тілін оқып жатқан 100 студент халықаралық қатынастар факультетінде білім алуда.

Кездесу барысында Алматыдағы Герман федеративтік республикасының бас консулы, DAAD орталығының және немістердің «Возрождение» атты мәдени-этникалық қоғамының қатысуымен өткізілетін халықаралық германистика жөніндегі қысқы мектептің өткізілуі мен оны ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

Университет басшылығы жобаларды қолдауға дайын екендіктерін мәлімдеді. Олардың басым бөлігі ғылыми-білім жұмыстарын тиімді дамытуға бағытталып қана қоймай, академиялық алмасуды арттыратын Еуропа қорлары мен университеттері арасындағы тікелей тұрақты байланыстарды орнату көзделген.