«Қазақ радиосына» 95 жыл!

28.09.2016

Көрулер: 3084

«Қазақ радиосына» 95 жыл!

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақ радиосының шығармашылық ұжымын республика бұқаралық хабар құралдарының басты буындарының бірі, еліміздің ақпарат кеңістігінде өзіндік орны бар беделді журналистік ұйым – Қазақ радиосының құрылғанына 95 жыл толуымен шын жүректен құттықтайды!

От-жалынды 1921 жылдан бері «Қазақ радиосы» мемлекетіміздің ақпарат айдынында желкен керіп, ұлт мүддесіне қызмет етіп келеді. Сан салалы шаруашылық мәселелерімен қатар тіл, тарих, мәдениет және әдебиет, сондай-ақ рухани, адамгершілік құндылықтар тақырыбын көтеруді өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде айқындаған шығармашылық ұжым әлемдік эфирге ұлтымыздың үнін жеткізіп келеді. 

Айтулы мерейтойларыңыз қарсаңында ұжымыңызды шын жүректен құттықтай отырып, Сіздерге шығармашылық табыс, таусылмас талант пен сарқылмас шабыт, қажымас қайрат пен дер денсаулық тілейміз. Тәуелсіз еліміздің ақпарат айдынында абыройларыңыз асқақтап, қашанда биіктен көріне беріңіздер! 

 

Құрметпен,

әл-Фараби атындағы

ҚазҰУ ұжымы