ҚазҰУ ұжымы Эльмира Сыздыкованы жеңісімен құттықтады

18.08.2016

Көрулер: 3099

ҚазҰУ ұжымы Сізді Рио-де-Жанейро Олимпиада ойындарындағы жеңісіңізбен құттықтайды.

Сіздің жеткен жетістігіңіз ел абыройын асқақтатып, Қазақстан қоржынын тағы бір жеңіспен толықтыра түсті. Қалың қазақ үшін Сіздің жетістігіңіздің орны ерек. Сіз қазақ қызына тән қайсарлық танытып, қыздар арасындағы күрестен алғашқы Олимпиада медалін қанжығаңызға байладыңыз. Бұл үлкен мәртебе!

Біз Сізбен және Сіздің жеткен жетістіктеріңізбен мақтанамыз!

ҚазҰУ ұжымы Сіздің кәсіби спортта әлі талай асуларды бағындыратыныңызға кәміл сенеді. Бұл жеңісіңіз жарқын жетістіктердің бастауы болсын деп тілейміз!

Жеңісті күндер көп болғай!

 

 

Құрметпен,

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ұжымы