ҚазҰУ-да «Алтын белгі» иегерлері грантсыз қалмайды

18.08.2016

Көрулер: 3524

ҚазҰУ-да «Алтын белгі» иегерлері грантсыз қалмайды

ҚазҰУ ҚР БжҒМ бастамасын қолдап, ҚазҰУ-да білім алуды таңдаған «Алтын белгі» иегерлеріне сапалы әрі тегін білім беріп, армандарының орындалуын қамтамасыз етеді. Университет басшылығының шешімімен 10 талапкер өзі таңдаған мамандық бойынша тегін білім алу мүмкіндігіне ие болды.

Жыл сайын «Алтын белгі» иегерлеріне грант тағайындау ҚазҰУ-дың игі дәстүрлерінің біріне айналған. Студенттерге материалдық көмек көрсету университеттің әлеуметтік жауапкершілігінің көрсеткіші.

2016 жылы Мемлекеттік білім беру гранттарының саны бойынша ҚазҰУ дәстүрлі түрде бірінші орынға ие болды. Ұлттық университетте бакалавриатта 3071 студент мемлекеттік грант негізінде білім алады. Олардың көбі "Алтын белгі", ерекше аттестат иегерлері, халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары.

 

Баспасөз қызметі,

8(727) 377 31 48 / 49