ҚазҰУ-ға Түрік оқу орындары Одағының делегациясы келді

27.06.2016

Көрулер: 3322

ҚазҰУ-ға Түрік оқу орындары Одағының делегациясы келді

Комиссия жұмысы Болон үдерісі мен Erasmus+ және Mevlanа бағдарламасына, атап айтқанда, қазақстандық жоғары оқу орындарының студенттер алмасу тәжірибесінің деңгейін анықтауға бағытталады.

Түркітілдес ынтымақтастық кеңесі немесе Түркі халықаралық ұйымының негізгі мақсаты - түркітілдес мемлекеттер арасындағы жан-жақты әріптестікті дамыту болып табылады. Мүше мемлекеттер қатарына Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түрікменстан кіреді.

Жиынға түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің Бас хатшысының орынбасары Абзал Сапарбекұлы, Эгей университетінің профессоры, инженерлік факультетінің деканы Сухейда Аталау, Назарбаев университетінің өкілдері, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті және Х.А.Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті қатысты.

әл-Фараби ат. ҚазҰУ-дың баспасөз қызметі

8(727) 377 3148/49

Фотолар авторы: Жүнісбеков Марат