Лахор университеті ҚазҰУ-да

22.06.2016

Көрулер: 3760

Лахор университеті ҚазҰУ-да

Кездесу барысында екіжақтың студенттерімен алмасу бағдарламасын дамыту мен ағылшын тілінде магистрлік және докторанттық бағдарламаларды, оның ішінде: есептеу техникасы, әлеуметтік ғылымдар, медицина, БАҚ және техникалық мамандарды дайындау секілді салалар талқыланды.

Халықаралық қатынастар департаментінің проректоры, профессор Сайед Әмір Гилани мен университет басқару кеңесінің төрағасы Аваис Рауф бастаған Лахор университетінің делегациясы Қазақ ұлттық университетінің ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыру деңгейін жоғары бағалады. Айта кетерлігі, бұл жобалар БҰҰ Академиялық бағдарламасының тұрақты дамуы үшін жұмыс жасайтын Hub ретіндегі ҚазҰУмәртебесін (UNAI кеңейтілген мәртебесі) екі жылға ұзартылуына септігін тигізді.

Жуырда Ұлыбританияның консалдигілік Quacquarelli Symonds (QS) компаниясыныңдамушы Еуропа және Орталық Азия елдерінің ЖОО-ныңжарияланған рейтингілері бойынша, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті он сатыға көтеріліп,11 орынға ие болған.

«ҚазҰУ Орталық Азияда басты жоғары оқу орны екендігінЛахор университеті басты назарға алып отыр. Екіжақ бірлесіп жұмыс атқарса, болашақта ортақ ғылыми-зерттеу бағдарламаларын іске асырудың тиімді жолдарын жасайтынымызға сенімдемін. Үлкен адымдар кішігірім қадамдардан басталады, сол себепті, біз ең алдымен техникалық мамандарды дайындау бойынша ғылыми-зерттеу бағдарламаларын жоспарлағанымыз жөн», –деді профессор Аваис Рауф.

Іс-шараның соңында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Лахор (UOL) университеті арасында өзара ынтымақтастық туралы келісім-шартқа қол қойылды.

ҚазҰУ-нің баспасөз қызметі

8(727) 377 3148/49

Фотолар авторы: Жүнісбеков Марат