Жаңалықтар

Хабарландыру!

26.11.2013

2013 жылдың 28 қарашаcында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті физика-техникалық факультеті жылуфизика және техникалық физика кафедрасының ұйымдастыруымен ұлағатты ұстаз Ж.Ө. Өмірбековке арналған жоғары оқу орындарының 1-ші курс студенттері арасында физика пәні бойынша Республикалық олимпиада және шахматтан турнир өткізіледі.

Ары қарай оқу >>

Рекреациялық география және туризм кафедрасы «Жанұя» балалар үйінде болып қайтты

26.11.2013

География және табиғатты пайдалану факультеті рекреациялық география және туризм кафедрасының оқытушылары Шакен А.Ш. және Тойымбаева Ж.Х мен 1 және 4 курс студенттерімен «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында «Жанұя» балалар үйінде қайырымдылық шарасын өткізді.

Ары қарай оқу >>

Хабарландыру!

26.11.2013

27 қарашада жатақхана арасында қазақ күресінен жарыс өтеді. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ № 2 спорт залында (күрес залында) қатысушылар бірінші салмақ өлшеу мен медициналық бақылауы (сағ.1530 -1630 ) болып, жарыстың басталуы - 17:00.

Ары қарай оқу >>

"Сұңқар" кубогының жеңімпазы анықталды

26.11.2013

Еліміздің белді білім шаңырағы Әл -Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетнің тарихына 80 жыл толса, 1999 жылдан бастап заңды мекемеге айналған «СҰҢҚАР» Студенттер әлеуметтік кәсіподағына 15 жыл толып өз жұмысын бүгінгі күнде атқарып келеді. Кәсіподақтың негізгі басты мақсаты, ҚР-ның заңына сәйкес әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің студенттерінің әлеуметтік- экономикалық және құқықтық мүдделерін қорғау, мүшелерінің еңбек құқығы мен денсаулығын қорғау болып табылады. Сонымен қатар еліміздің белсенді болашағын тәрбиелеуде түрлі мерекелік іс -шаралар, маңызды тақырыптарда дөңгелек үстелдер ұйымдастырады. Солардың бірі қараша айының 19 жұлдызында өткен «Сұңқар» кубына арналған қалалық дәрежедегі ашық КВН лигасы. Жыл сайын дәстүрлі түрде «Студенттер күніне» орай ұйымдастырылатын атаулы іс-шара биыл әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің 80 жылдығы мен «Сұңқар» студенттер кәсіподағының 15 жылдығына орай ұйымдастырылды.

Ары қарай оқу >>

Заң факультетінде «Алтын күз» балы өтті

26.11.2013

2013 жылдың қараша айының 21 күні заң факультетінің студенттер мәслихаты мен азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасының "Фемида" студенттік клубының ұйымдастыруымен "Алтын күз" балы өтті. "Алтын күз" балына 1 және 2 курс студенттері қатысты.

Ары қарай оқу >>

Қазақстандағы президенттік институтының қалыптасуы және дамуы туралы конференция өтеді

25.11.2013

ҚазҰУ заң факультетінің мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқығы кафедрасы «Нұр Отан» партиясы және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Ел басы Н.Ә. Назарбаев қоры мен бірлесіп 2013 жылдың 29 қарашасында сағат 10.00-де (410 ауд.) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Қазақстандағы президенттік институты: қалыптасуы және даму болашағы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да Бүкіләлемдік философия күніне арналған шаралар ұйымдастырылды

25.11.2013

Философия және саясаттану факультетінің философия кафедрасы Бүкіләлемдік философия күніне арналған шаралар ұйымдастырды. Осы мерекеге орайластырылып «Түркі дүниесінің рухани бастаулары» атты халықаралық ғылыми конференция - VI Қасымжанов оқулары өткізілді. Конференцияға шетелдік және қазақстандық белгілі философтар қатысып, түркі және қазіргі заман философиясының өзекті мәселелері туралы баяндамалар жасады.

Ары қарай оқу >>

«Менің Президентім» атты фотокөрмеге шақырамыз!

25.11.2013

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ҚР Білім және ғылым министрлігінің, «Жас Отан» жастар қанаты және Алматы қаласы әкімшілігінің қолдауымен Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті күніне арналған «Мен жастарға сенемін!» атты студент жастардың республикалық патриоттық фестивалінің гала-форумы 2013 жылы 29 қарашада Ө. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында өтеді.

Ары қарай оқу >>

Заң факультетінде ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған дөңгелек үстел өтеді

25.11.2013

2013 жылдың қараша айының 28-нде, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің 303 аудиториясында, сағат 11:00 өтетін, азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы мен кедең, қаржылық және экологиялық құқық кафедраларымен ұйымдастырылған ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың мемлекеттің әлеуметтік экономикалық саясаттың дамуындағы рөлі» атты дөңгелек үстеліне шақырады.

Ары қарай оқу >>

Жастардың ұлттық рухын оятқан байқау

24.11.2013

Ө.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында Тәрбие жұмысы жөніндегі департамент және студенттер Сенатының ұйымдастыруымен университеттік «Ана тілі аруы» және «Жігіт сұлтаны» - 2013 байқауының ақтық байқауы өтті.

Ары қарай оқу >>