Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультеті қытайтану кафедрасы және Конфуций институты бірлесіп еліміздегі жоғарғы орындары арасында қытай тілінен Республикалық олимпиада ұйымдастырды. Олимпиада 2010 жылдың 30 наурыз күні Қаз ҰУ-дың шығыстану факультетінің оқу ғимаратының 509 аудиториясында сағат 10-00-ден 16-00-ге дейін өтті. Республикалық деңгейде өткен қытай тілі олимпиадасына еліміздегі қытай тілін оқытатын 6 оқу орынынан 25 студент қатысты. Олар:
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ.
Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университеті. (Түркістан қаласы)
Халықаралық Қазақ-Қытай тіл колледжі.
Абылайхан атындағы Қазақ халықаралық қатнастар және әлем тілдері университеті.
Қазақ-Қытай университеті (Қызылорда қаласы)
ҚР ҚМ әскери институты.
Олимпиадаға қатысушылардың қытай тілі деңгейін бағалайтын қазылар алқасына төмендегі кісілер шақырылды.
- Қазылар алқасының төрағасы – университетіміздің жанындағы. Конфуций инситуты директорының орынбасары Zhang Jian fang ханым.
- ҚХР-ның Алматы қаласындағы бас консулдығының бірінші хатшысы Yu quangao мырза.
- «Көрші» журналының редакторы Ибрагим Файзулла мырза.
- Қазақстандағы Қытай банкінің өкілі Gao hai мырза.
Екі турдың нәтижесі бойынша ынталандыру сыйлығына төмендегі студенттер ие болды:
Алаева Сахидям- Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Шуншалиева Мира- Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Шуканова Әйгерім- Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Токкарина Айжан- Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
үшінші орынға төмендегі үш студент ие болды:
Тагаева Жанел - Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Жүнісова Мақпал - Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Сүлейменов Бақтияр - ҚР ҚМ әскери институты
екінші орынды иемденген төмендегі екі студент болды:
Тынышбаева Әйгерім - Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Каримов Қалжан - Халықаралық Қазақ-Қытай тіл колледжі
Қазақстандағы Қытай банкі тағайындаған сыйлықты және ҚХР-ның Алматы қаласындағы бас консулдығы ұсынған өз таңдауы бойынша ҚХР-дың кез-келген оқу орынында бір жыл оқуға мүмкіндік беретін грантты жүлделі бірінші орынды иемденген Қызылорда қаласындағы Қазақ-Қытай университетінің студенті Омарова Мейрамкүл жеңіп алды.