Студенттерге

 

                                                         Жазғы семестр      

 

2010-2011 оқу жылында университетіміз екі жазғы семестр өткізуді жоспарлап отыр

Қазақстан Республикасы мен шет елдері ЖОО студенттері жазғы семестрге шақырылады

Университетіміздің жетекші профессорларынан магистратура, бакалавриат білім

беру бағдарламалары бойынша міндетті және элективті пәндер блогы аясында

әртүрлі мамандықта қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде студенттерге

білім алуға мүмкіндіктер беріледі

 Сен жазғы семестр студентісің!

Сіз жоғары оқу орнында оқисыз ба?

Сіз жассыз және мақсатқа талпынушысын,

Шын мәнінде сапалы білім алуға ұмтыласыз ба?

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жазғы семестрі – Сіздің мақсатыңызға

жетудің ең сенімді жолы

 Жазғы семестр мерзімі

30 мамыр мен 2 шілде 2011 ж.

27 маусым мен 30 шілде 2011 ж.

Жазғы семестр курстарын таңдаудың тоғыз себебі:

курстар қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде қазіргі дәстүрлі емес білім беру

әдістерін қолданыла оқытылады

курс лекторлары «Болашақ» бағдарламасының алдыңғы қатарлы

батыс университеттерінің түлектері

өткен пәндер мен кредиттер Сіздің университетіңізде

элективті пән ретінде саналады

курс сәтті аяқталғаннан соң сертификат беріледі

барлық курстар аккредитациядан өткен және шетелдік білім беру бағдарламаларына сәйкестендірілген, яғни шетелдік ЖОО-да игерген кредиттеріңіз есептелінеді

жазғы семестрде оқитын студенттер Интернет ресурстарға, кітапханаға,

спорт-кешеніне кіруге рұқсат алады және жатақханамен қамтамасыз етіледі

курстар тек оқумен ғана шектелмейді, сондай-ақ, әртүрлі сауықтық іс-шаралар және Орталық Азияның әдемі қаласы – Алматының көрікті орындарына

экскурсия жасалынады

ҚазҰУ-да әлемнің көптеген елдерінен келген 1000 астам студенттер білім алады.

Сіз осы жерде Қазақстаннан ғана емес, басқа елдерден де жаңа достар табасыз

Біздің курстар Сіздің мансабыңыздағы күрт өзгерістердің шешуші сәті болмақ!

 

Бұл жазды ҚазҰУ-мен өткізіңіз! Біз оны ұмытылмастай жасаймыз!