қытай тілінен көркем өнер сайысы

Қытай мәдениетіне, көркем өнеріне қызығушылықты арттыру мақсатында, студенттерді жан жақтылыққа баулу мақсатында, қытай тілін оқитын студенттер арасында таланттарды табу мақсатында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультеті қытайтану кафедрасы Тілдерді Дамыту Бөлімінің басшылығымен желтоқсанның 1-де механика-математика факультетінің акт залында Алматы қаласындағы жоғары оқу орындары арасында ҚХР-дің құрылғанына 60 жыл толуына арналған қытай тілінен көркем өнер сайысын өткізді.

 

Сайыс ән айту, би билеу, бейнелеу өнері, көрініс қоюды қамтыды. Сайысқа Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультеті, ҚР Қорғаныс Министрлігі Әскери Институтының, Абай атындағы Педагогикалық университеттің, Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТ университетінің, Шет тілдер және іскерлік карьера институтының, ТҰРАН университетінің, «Ерке-Нұр» қазақ-қытай колледжінің қытайтанушы студенттері қатысты. Өнердің төрт түрінен 50-ге жуық сайыскер қатысты. Негізгі жүлделі орындардарға ҚР Қорғаныс Министрлігі Әскери Институтының, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультетінің студенттері ие болды.

Сайыста сонымен қатар ҚХР-дың ҚР-ғы мәдениет және білім бойынша консулы Цуй Ин Лань, ҚазҰУ жанындағы Конфуций институтының директоры Асылбеков Р.Ө. қонақ ретінде қатысты.

Әділқазылар құрамында Т.Жүргенов атындағы Қазақ Өнер Академиясының оқытушысы Қызырханқызы Кабира, ҚазҰУ жанындағы Конфуций институтының оқытушылары Чжан Цзянь Фан, Ху Я Нань, «Көрші» журналының редакторы Ыбырайм Файзулла Қошқари болды.