Шеберлік сағаты

29.01.2019

Көрулер: 2313

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, белгілі журналист, «Абитуриент» және «Турист» газеттерінің Бас редакторы Баян Болатханова ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғамдық медиа кафедрасының студенттеріне арнап  «Рухани құндылықтарды жарнамалау және тарату» тақырыбы ойынша шеберлік сыныбын жүргізді.

Кездесуде студенттер ақпараттық өнімді жылжыту, рухани құндылықтарды жарнамалау, Қазақстандағы қазіргі кітап шығару проблемалары бойынша сұрақтар қойды.

Шеберлік сыныбы аяқталған соң журналист-баспагер студенттер мен оқытушыларға шақырғандары үшін алғыс білдіріп, өзінің соңғы кітаптарын қолтаңба қойып, сыйға тартты.