Іс-шаралар

«Журналист» – ұлылар қолтаңбасы, бабалар жолы, даналар ізі

24.04.2023

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Журналистика факультеті –«Журналист боламын!» деп жалындап тұрған жас өрендердің қанатын қатайтып, биікке самғауына зор мүмкіндік сыйлайтын еліміздегі жалғыз қара шаңырақ. Өйткені, қара шаңырақ студенттерге терең білім берумен қатар, журналистиканың басты қағидасы – сауатты жазуға шыңдайтын шеберлік мектеп. Оған дәлел – 30 жылдан астам ғұмыры бар студенттердің оқу-тәжірибелік «Журналист» газеті.

Ары қарай оқу >>

Алаш туы астында, күн сөнгенше сөнбейміз!

17.04.2023

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Тарих факультетінің ұйымдастыруымен журналистика факультетінің 1-курс студенттеріне «Алаш туы астында, күн сөнгенше сөнбейміз!» атты тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатының жетекшісі Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де доцент, эксперт, тарихшы Тасилова Назия және практика бойынша жетекшісі Мейрамбекқызы Нұрсұлу.

Ары қарай оқу >>

«Шұғаның белгісі»

05.12.2022

3 желтоқсан күні №3 дәріс залында сағат 15:00-де ҚазҰУ журналистика факультетінің «Фараби» студенттік театры Бейімбет Майлиннің «Шұғаның белгісі» атты қойылымын қойды.Театр әртістері зор актерлік тәжірибе алды. Бұл олардың сценарийге негізделген алғашқы қойылымы болды.

Ары қарай оқу >>

«Цифрлық Қазақстан» құру: әділетті қоғам үшін

18.11.2022

Жақында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлау алды бағдарламасы аясында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінде «Цифрлық Қазақстан» құру: әділетті қоғам үшін» тақырыбында семинар болып өтті. Аталмыш семинар Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының доценті Ғалия Майкотованың ұйымдастыруымен жүзеге асты. 

Ары қарай оқу >>

OPENMEDIA DAY

17.11.2022

Журналистика факультетіндегі талапкерлерге арналған Ашық есік күні

18.11.2022 ж. сағ. 14:00

№230 Т. Кожакеев атындағы конференция залы

Ары қарай оқу >>