Негізгі қызметі

Студенттер ғылыми қоғамы - әр факультет студенттерінің ерікті, өзіндік басқара алатын, бейкоммерциялық қалыптасқан, студенттер ынтасымен құрылған біріккен қоғам болып табылады.

Міндеттері:

1.1. Студенттерге олардың құқықтары мен міндеттері жайлы кеңес беру, кафедраларда және ғылыми үйірмелерде ғылыми-зерттеу жұмыстарының өткізілу жүйесі жайлы мәліметтер беру.

1) Студенттерді ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысуға кеңінен тарту.

2) Ғылыми конференцияларды, ғылыми жұмыстардың байқауын өткізу, ғылым мен техниканың жетістіктерін кеңінен насихаттау.

3) Ең үздік студенттік жобалардың өндіріске еніп, жариялануына көмек көрсету.

1.2. Факультеттің басқару жүйесінің барлық деңгейлеріндегі (Ғылыми Кеңес, деканат, кафедралар, зертханалар және факультеттің өзге де әкімшілік бөлімдері) факультет әкімшілігі мен СҒҚ-ның өзара қарым-қатынасының құрылымдық жүйесін құру және дамыту.

1.3. СҒҚ мүшелерінің университет үшін стратегиялық маңызы бар шешімдер, қоғамдық өмір мәселелері мен ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысты құжаттардың құрылуына қатысуы.

1.4. Факультетаралық, университетаралық, халықаралық байланыстардың орнықтырылып, нығайтылуына бағытталған іс-шаралардың өткізілуі; Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың өзге факультеттерінің және басқа да ЖОО қоғамдық ұйымдарымен тәжірибе алмасуды жүзеге асыру.

1.5. СҒҚ мәлімет тасымалдаушыларын құру және қолдау.

1.6. Конференциялар мен СҒҚ Кеңесінің шешімдерінің мәлімет тасымалдаушыларында уақытылы жариялау.

1.7. Факультетте өткізіліп жатқан ғылыми-зерттеу жұмыстарының әр түрлі тараптарына қатысты мәліметтердің мәлімет тасымалдаушыларында уақытылы жариялау.