Кәсіби бағдар - 2020
10.03.2020Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Филология және әлем тілдері факультетінің Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы бірнеше жыл көлемінде «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттерін еліміздің әр аймағындағы мектептерге жіберу ісін де қолға алып отыр. Осы мақсатта еліміздің аудан-ауылдарындағы мектептермен келісім-шарт жасасып, болашақ түлектердің жұмыспен қамтылуын, сондай-ақ, оқушылардың өз кәсібін дұрыс таңдауына ықпал жасау бағытында жұмыстар жолға қойылған.