Факультет жайлы

       Ақпараттық технологиялар факультетінің миссиясы – (АТФ) Ұлттық экономиканың қарқынды дамып келе жатқан АТ секторы үшін әлемдік деңгейдегі жоғары білікті мамандарды дайындау. Факультеттің стратегиялық мақсаты – заманауи IT-саласының нарық қажеттіліктерін қанағаттандыратын және кәсіби білім беру стандарттарының талаптарын ескеретін, әлемдік және ұлттық білім беру кеңістігінде АТ мамандарын даярлау саласына айтарлықтай үлес қосатын ғылыми білім беру орталығын құру. 
Осыған байланысты АТ факультетінің міндеттері келесідей:        
 – экономиканың IT-секторының жоғары білікті мамандарға деген қажеттіліктерін қанағаттандыру;
 – Қазақстанның цифрлануын дамыту үшін ғылыми-зерттеу жұмыстарына студенттер мен оқытушыларды тарту, ғылыми қоғамдастық жұмысын жандандыру;
 – машықтанушылар практикасын ұйымдастыруды жетілдіру және IT-индустрияның жетекші ұйымдарымен келісімшарттарға отыру;
 – еңбек нарығында бәсекеге қабілетті IT-мамандарды даярлау мақсатында жұмыс берушілермен серіктестік жүйесін құру;
 – IT-мамандарды даярлау саласында жетекші университеттер және ғылыми орталықтармен серіктестік жүйесін құру;
 – Бакалавриат → магистратура → докторантура білім беру процесінің сапалы және көп деңгейлі үздіксіздігін қамтамасыз ету.
 – QS World University Ranking-де университеттің көрсеткіштерін жақсартуға үлес қосу.

       Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мемлекетіміздің даму қарқынын арттыруға арналған әрбір жобаның жүзеге асырылуына үлес қосып келеді. Осы   орайда 2018 жылы қабылданған «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының аясында 2018 жылдың 15-қаңтарында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де жаңа «Ақпараттық технологиялар факультеті» іргесін қалады. Факультеттің алғашқы деканы болып профессор Төкеев Уалишер Ануарбекұлы тағайындалды. Жаңадан қанат жайған жас факультет өз жұмысын тез бастап кетті. Алғашында «Информатика» және «Ақпараттық жүйелер» кафедраларынан құралған ақпараттық технологиялар факультетінде IT саласының жаңа лебі болып «Жасанды интеллект және Big Data» кафедрасы ашылды.

       2019 жылдың 1-шілдесінен бастап факультетке басшылыққа декан болып ф-м.ғ.к., доцент Ұрмашев Байдәулет Амантайұлы келді. IT саласының қарқынды дамуына үлес қосатын, білікті маман даярлауда ұжым қызметкерлерімен бірлескен түрде жұмыс жасап, жоғары заманауи талаптарға сай оқу бағдарламалары дайындалып, күні бүгінге дейін қатаң түрде жұмыстар жүргізіліп келеді.

       Факультеттің үш жарым жылға жуық тарихында 3000-ға жуық IT cаласының мамандары даярланып шықты. Білім сапасы мен оқытушы-профессорлардың саны артқан сайын, Ақпараттық технологиялар факультетіне түсуге ниет білдірушілер қатары жылдан-жылға артып келеді.

       Қазіргі таңда ақпараттық технологиялар факультетінде 3 кафедра жұмыс істейді. Бакалавриат, магистратура, докторантура бойынша «Ақпараттық жүйелер» кафедрасында «Ақпараттық жүйелер», «Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері», «Есептеуіш лингвистика», «Жоғары жүктелген жасанды интеллектісі бар ақпараттық жүйелер», «Индустриалды ақпараттық жүйелер» мамандықтары бойынша, «Информатика» кафедрасында «Компьютерлік инженерия», «Компьютерлік ғылымдар», «Жүйелік инженерия», «Педагогикалық информатика» мамандықтары бойынша, «Жасанды интеллект және Big Data» кафедрасында «Автоматтандыру және басқару», «Заттар интернеті және Big Data», «Деректер туралы ғылым», «Интеллектуалды басқару жүйелері», «Бизнес талдау мен Big Data», «Машиналық оқыту және деректерді талдау» мамандықтары бойынша IT саласының болашақ үздік мамандары білім алып жатыр.

       Факультет жыл сайын бағдарламалау конкурстарын өткізеді, атап айтқанда, Қазақстан Республикасының 450-500-ге жуық студенттері мен мектеп оқушылары ICMC ACM форматындағы олимпиадаға қатысады, олардың жеңімпаздары арасында ҚазҰУ ФИТ студенттері бар. Сонымен қатар факультетте «Программисттерді олимпиадаларға даярлау» орталығы, IT-мамандарды үздіксіз даярлау жөніндегі "Компьютерлік ғылымдар" орталығы, қосымша білім беру орталығы, Касперский зертханасының ақпараттық қауіпсіздік орталығы, оқу зертханалары жұмыс жасайды. Оқу үдерісінің жүргізілуіне базалық кафедралардың қызметкерлерінен басқа біздің серіктестеріміздің қызметкерлері – Home банк, Еуразиялық банк, Тұрғын-үй құрылыс жинақ банкі, IT кәсіпорындары, Ақпараттық және есептеу технологиялары институты және басқалары қатысады.

       Ғылыми және оқу-әдістемелік жұмысты жыл сайын үздіксіз дамып келеді. Оған дәлел ретінде факультет оқытушыларының халықаралық мәртебеге ие ғылыми журналдардағы, әлемдік жобаларда өздерін жоғары дәрежеде көрсете білгендігін айтуға болады. 2018 жылдан бері қарай Ақпараттық технологиялар факультетінде 10-ға жуық монография жарияланды, 15-тен астам патент алынып, 500-ге жуық мақалалар мен авторлық куәліктер жарық көрді, оның ішінде 100-ден астамы Скопус деректер базасында жарияланған, 20-ға жуық оқу құралы дайындалып, оқытушылар әртүрлі деңгейдегі конференцияларға үзбей қатысып отырады. Кафедра қызметкерлері компьютерлік жүйелердің қауіпсіздігі саласында қосымшалармен түрлі есептерді шешу үшін математикалық модельдер мен IT әдістерді әзірлеу және қолданумен байланысты бастамашыл ҒЗЖ орындауға; білім беруді ақпараттандыру мәселелерін зерттеуге; параллель және бөлінген есептеулерді іске асыру әдістері мен құралдарын зерттеуге және т.б. жұмыстарға қатысады.

        2018 жылдан 2021 жылға дейін Ақпараттық технологиялар факультеті, Erasmus+ CLASS «Development of the interdisciplinary master program on Computational Linguistics at Central Asian universities», мемлекеттік грантымен жұмыс жалғасып келді.

       2018 жылдан 2021 жылға дейін Ақпараттық технологиялар факультеті Erasmus + CLASS халықаралық білім беру «Орталық Азия университеттерінде есептеу лингвистикасы бойынша пәнаралық магистрлік бағдарламаны әзірлеу» жобаларына қатысады, ERASMUS + LMPI «Бакалавр мен магистрлік бағдарламаларды әзірлеу даму, басқару кәсіпорындардағы компьютерлік желілерді қорғау», ERASMUS + LMQS« Ресейде, Қазақстанда, Әзірбайжанда қашықтықтан білім беру саласындағы денсаулыққа қауіптілік пен қызмет көрсетудің стратегиялық басқарылуы», Erasmus + Mobility Малардален университетінің оқытушылары мен студенттерінің академиялық ұтқырлығына арналған мобильділік (Швеция), жетекші IT -компаниясы Beijing Percent Information Technology Co., Ltd. (Қытай), Лао халықаралық жобасы «Бакалавриат пен магистратураны кәсібилендіру» жобаларына қатысады.

       Қызметкерлердің жоғары кәсіби деңгейі факультеттің перспективалық жоспарының уақытылы орындалғанын айғақтайды. Түлектердің жұмысқа орналасу деңгейі өте жоғары. Болашақта Ақпараттық технологиялар факультеті Қазақстанның цифрлық қоғамында үздік IT-мамандар даярлайтын ордасы болатынына сеніміміз мол!