Борбасова Қарлығаш Молдағалиқызы

Борбасова Қарлығаш Молдағалиқызы

Философия ғылымдарының докторы, профессор.

Email: bm.karlygash@gmail.com

Teлефон: 8(727)292-57-17 (вн.2125) 

Адрес: Философия және саясаттану факультеті

             Дінтану және мәдениеттану кафедрасы

             Масанчи 39/47, ОК 4, кабинет 403

 

ӨМІРБАЯН

Борбасова Қарлығаш Молдағалиқызы 1968 жылы наурыз айының 15 күні Семей облысы, Аякөз ауданының Мыңбұлақ совхозының Ақтүбек ауылында дүниеге келген. Әкесі Борбасов Молдағали, шешесі Борбасова Рысқайша.

Жанұядағы 9 баланың жетіншісі. 1975 – 1983 жылы Мыңбұлақ совхозына қарасты Ақшәулі сегіз жылдық мектебінде оқып, 1985 жылы Шынқожа совхозындағы орта мектепті үздік бітіреді.

Борбасова Қарлығаш Молдағалиқызы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлегі (1993 ж.). 1993-1995 жылдары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің тәлімгер-зерттеушісі, 1995-1996 жылдары философия және саясаттану факультетінің философия және ғылым методологиясы кафедрасының оқытушысы, 1997-1999 аталған кафедраның аспиранты, 2002 жылдан ғылым философиясы және дінтану кафедрасының аға оқытушысы, 2012 жылдан дінтану және мәдениеттану кафедрасының доценті қызметін атқарып келеді.

1999 жылы 09.00.06 – дін философиясы мамандығы бойынша «Қазақстандағы кришнаизм» тақырыбына диссертация қорғады. 2009 жылдан ҚР БҒМ БҒСБК доценті.

Қарлығаш Молдағалиқызы факультеттің қазақ және орыс бөлімдерінде дәріс оқып, семинар сабақтарын жүргізеді, өзінің ғылыми жұмысы бағытына сәйкес «Дінтану» мамандығына арнап бірнеше пәннен типтік бағдарламалар дайындады. 2004 жылы «Дінтану» мамандығы бойынша мемлекеттік білім беру стандартының авторлар ұжымының құрамында белсенді жұмыс жасады.

«Мәдени мұра» атты мемлекеттік бағдарламаға қатысып, философиялық еңбектерді қазақ тіліне аударуға ат салысты. Жыл сайынғы халықаралық және республикалық деңгейде ұйымдастырылған конференцияларға қатысады. Елуден астам ғылыми мақалалары, «Вайшнавизм діни ілімі және дәстүрі», «Діни антропология», «Діндер тарихы», «Эзотерикалық ілімдер» оқу құралдары «Діни бірлестіктер және ұлттық қауіпсіздік мәселесі» монографиясы басылып шықты. Бірнеше кітаптар мен оқулықтардың авторлар ұжымына кіреді. ҚР БҒМ тарапынан бөлінетін іргелі жобаларда: «Ұлттық қауіпсіздік аясындағы діни айқындалу мәселесі» (2007-2009 жж.), «Қазіргі дәстүрден тыс діни ағымдар және культтер» (2009), «Жаңа діни ағымдар және қазіргі Қазақстанның ұлттық және мемлекеттік бірегейлігін сақтау мәселелері» (2009-2011жж.) «Қазіргі кезеңдегі дін» (2012-2013жж.) «Дінтану сөздігі энциклопедиясы» (2015-2017жж.) «Миссионерлік: тарихы және қазіргі кезеңі» (2015-2017жж.) ғылыми қызметкер ретінде ғылыми зерттеулермен айналысып, осы жоба шеңберінде Ресей, Түркия, Малайзия елдерінде ғылыми тәжірибе алмастырды.

2005-2017 жылдары Қ. Борбасова ҚазҰУ Хабаршысы философия, саясаттану, мәдениеттану сериясының жауапты ғылыми хатшысы қызметін атқарды.

2008-2010 жылдары философия және саясаттану факультетінің үздік эдвайзері атанды. 2013жылғы Республикалық ЖОО үздік оқытушысы грантының иегері. 2015 жылдан дінтану мамандығы бойынша Нұр-Мүбарк Египет ислам мәдениеті университетінің диссертациялық кеңес мүшесі. 2017 жылдан ҚазҰУ-дың Хабаршысы Дінтану сериясының жауапты хатшысы 

     Тұрмыста бір ұл, бір қыз тәрбиелеп отыр.

 

 

РЕЗЮМЕ

Аты-жөні: Борбасова Қарлығаш Молдағалиқызы

Ғылыми дәрежесі: философия ғылымдарының докторы, профессор

Туған жылы: 15.03.1968 ж.

Email: bm.karlygash@gmail.com 

Білімі:     Университетті аяқтау мерзімі - 1993 жыл

             1999 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да кандидаттық диссертация

             (кандидат - 09.00.06- дін философиясы)

             2011 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да докторлық диссертация қорғады.

             (доктор -09.00.13 – дінтану, философиялық антропология, мәдениет философиясы)

Іс тәжірибесі:

  • ·        1993-1995 әль-Фараби ат. ҚазҰУ зерттеуші-стажер
  • ·        1995-1996 әль-Фараби ат. ҚазҰУ философия және методология кафедрасының ассистенті
  • ·        1996-1998 әль-Фараби ат. ҚазҰУ философия және методология кафедрасының аспиранты
  • ·        2000-2004 әль-Фараби ат. ҚазҰУ философия және методология кафедрасының аға-оқытушы
  • ·        2004-2011 әль-Фараби ат. ҚазҰУ философия және методология кафедрасының доценті
  • ·        2004 жылы «Дінтану» мамандығы бойынша мемлекеттік білім беру стандартының авторлар ұжымының құрамында белсенді жұмыс жасады.
  • ·        «Діни антропология», «Дәстүрден тыс діни ағымдар мен культтер», «Эзотерикалық ілімдер, «Дінтанулық пәндерді оқыту технологиясы» пәндер бойынша типтік бағдарламалардың авторы
  • ·        Республикалық тест орталығына Дінтану мамандығына арналған тест құрастырушылар тобының мүшесі. «Діни антропология» пәнінен тест авторы.
  • ·        Республикалық тест орталығының Дінтану мамандығы бойынша тест сараптау тобының мүшесі.
  • ·        2009 ж. Қазіргі дәстүрден тыс діни ағымдар және культтер. Ғылыми зерттеу жобасының ғылыми қызметкері. Қазақстан Республикасы Ғылым және Білім Минитрлігі Гранты.
  • ·        2009-2011жж. Жаңа діни ағымдар және қазіргі Қазақстанның ұлттық және мемлекеттік бірегейлігін сақтау мәселелері. Ғылыми зерттеу жобасының ғылыми қызметкері. Қазақстан Республикасы Ғылым және Білім Минитрлігі Гранты.
  • ·        2009ж. On line режиміндегі интернет конференция- семинарлар: «Жалпы білім беретін мектептерде «Дінтану негіздері» факультативін ұйымдастырудың тиімді жолдары» тақырыбында дәрістер. Республикалық мұғалімдердің мамандығын көтеру институтымен бірлестікте. Алматы қаласы
  • ·        Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының сарапшылар тобының мүшесі. (Неопротестанттық ағымдардың діни мәтіндеріне сараптама жасаушы)
  • ·        Дін проблемаларын зерттеу орталығының штаттан тыс сараптамашысы.
    • ·        2005-2017 жж. ҚазҰУ Хабаршысы философия, саясаттану, мәдениеттану сериясының жауапты ғылыми хатшысы
    • ·        2008 жылы ҚазҰУ философия және саясаттану факультетінің үздік эдвайзері .
    • ·        2011-2013 әль-Фараби ат. ҚазҰУ дінтану және мәдениеттану кафедрасының философия ғылымдарының профессоры
    • ·        2011-2014жж. Қазіргі Қазақстандағы діннің рөлі. Ғылыми зерттеу жобасының ғылыми қызметкер. Қазақстан Республикасы Ғылым және Білім Минитрлігі Гранты.
    • ·        Мектепте «Дінтану» пәнін оқыту әдіснамасы тақырыбында дәрістер курсының авторы. Ұйымдастырушы Республикалық мұғалімдердің біліктілігін көтеру институты. 2013-2014жж
    • ·        2013жылғы Республикалық ЖОО үздік оқытушысы грантының иегері
    • ·        2015 жылдан дінтану мамандығы бойынша Нұр-Мүбарк Египет ислам мәдениеті университетінің диссертациялық кеңес мүшесі
    • ·        2015-2017жж. «Дінтану сөздігі энциклопедиясы» профессор Н.Ж. Байтенованың   жетекшілігмен авторлық ұжым құрамында аға ғылыми қызметкер.
    • ·        2015-2017жж. Миссионерлік: тарихы және қазіргі кезеңі. професср А.Д. Құрманалиеваның жетекшілігмен авторлық ұжым құрамында аға ғылыми қызметкер
    • ·        Марапаттама атауы: әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің 80 жылдығына арналған медаль
    • ·        Діни экстремизмнің алдын алу шараларын жүргізуші ақпараттық түсіндіруші топтың мүшесі (Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша)
    • ·        2017 жылдан ҚазҰУ Хабаршысы философия, саясаттану, мәдениеттану сериясының редакторлар алқасының мүшесі
    • ·        Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің үздік басылымы конкурсында «Эзотерикалық ілімдер» оқу әдістемелік құралы 2-ші орын иегері.
    • ·        2018ж. Алматы қаласының Дін істері жөніндегі басқармасының тапсырысымен Алматы қаласы орта білім беретін мектептерде «Қыз Жібек» клубын құру және жүргізуді ұйымдастырушы.
    • ·       
    • ·        Неохристиандық ағымдардың сарапшысы, Алматы қаласының АТТ (ақпараттық түсіндіру тобы) мүшесі,
    • ·        2021 жылдан ҚазҰУ-дың Хабаршысы Дінтану сериясының жауапты хатшысы

ҒЫЛЫМИ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТАРЫ

 

  • Діни антропология
  • Жаңа діни ағымдар қызметі
  • Эзотерика және діни мистицизм
  • Діни сана, жаңа діндарлық
  • Шығыс діндері философиясы
  • Діни символдар мәселесі
 

ЕҢБЕКТЕРІ:

  • Вайшнавизм діни ілімі және дәстүрі. Алматы: Қазақ университеті. 2009
  • «Діни бірлестіктер және ұлттық қауіпсіздік мәселесі» монография, 2011
  • Діни антропология. Алматы: Қазақ университеті, 2013 (Рысбекова Ш.С.)
  • Діндер тарихы. Оқу әдстемелік құралы. Алматы. Қазақ университеті. 2014
  • Эзотерикалық ілімдер. Қазақ университеті, 2016
  • The religious literacy problem of Kazakhstan youth. International Conference on Emerging Trends in Academic Research” (ETAR –November 25-26, 2014) at Bali, Indonesia. TMBER © 2014 Global Illuminators, Kuala Lumpur, Malaysia. Nagima Baitenova
  • A semiotic analysis of the yurt, clothing, and food eating habits in Kazakh traditional cultures. International Journal of Critical Cultural Studies (2016) Volume 14, Issue 1.
  • Etiquette rules and intercultural relations in Kazakh society after independence from the Soviet Union. Cultura. International Journal of Philosophy of Culture and Axiology. - 2015. - V. 12. - Iss. 1.
  • Cientific significance of al-farabi's treatise "book of religion"sgem 2016, bk 3: anthrpology, archaeology, history & philosophy conference proceedings, vol I: International Multidisciplinary Scientific Conferences on Social Sciences and Arts Vienna, AUSTRIA.
  • Political aspects of a missionary activity of neo-protestant organizations. Man In India, 96 (7): 2099-2108