Академиялық мобильділік және сынақ мерзімін өткізу

«Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша эпидемиология және гигиена кафедрасының медицина факультетінің студенттері 2015 жылдың 24 наурызында Сеулде, Оңтүстік Кореядағы Gangam Severance Hospital клиникасында «Ауруханалық менеджмент» мамандығы бойынша ғылыми стажировкада

24.03.2018

«Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша эпидемиология және гигиена кафедрасының медицина факультетінің студенттері 2015 жылдың 24 наурызында Сеулде, Оңтүстік Кореядағы Gangam Severance Hospital клиникасында «Ауруханалық менеджмент» мамандығы бойынша ғылыми стажировкадан өтті.

Северанс Клиникасы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің медицина факультетінің серіктесі болып табылады, еліміздің денсаулығы үшін кадрларды даярлауға белсене қатысады.

Тағылымдама бағдарламасы магистранттарға магистрлік диссертация тақырыбы бойынша ғылыми зерттеулерді аяқтауға дайындық жұмыстары ретінде арналған. Тәжірибенің негізінде зерттеу тақырыбымен және, аналитикалық қорытындымен, тұжырымдармен, диссертация тақырыбы бойынша ұсыныстармен таныстыру үшін арналған.

Ары қарай оқу >>

Медико-профилактикалық іс мамандығының 1 курс ғылыми-педагогикалық профильдік бағыттағы магистранттары Йонсе университеті, Gangam Severance Hospital Yonsei University Health System, Оңтүстік Корея, Сеул 24.03.2018-02.04.2018 ж

24.03.2018

Эпидемиология және гигиена кафедрасының Медико-профилактикалық іс мамандығының 1 курс ғылыми-педагогикалық профильдік бағыттағы магистранттары  Йонсе университеті, Gangam Severance Hospital Yonsei University Health System, Оңтүстік Корея, Сеул 24.03.2018-02.04.2018 ж аралығында шет елдік ғылыми тағылымдамадан өтетуде. Ғылыми тағылымдамадан өту бағдарламасы бекітілген.

Ары қарай оқу >>

Медицинадағы ғылыми зерттеулер

13.03.2018

Эпидемиология және гигиена кафедрасының  медико-профилактикалық іс мамандығының 1 курс профильдік бағыттағы магистранттары  М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде 13.03.2018-23.03.2018 ж. аралығында шет елдік ғылыми тағылымдамадан өтуде, бағдарламаның аты «Медицинадағы ғылыми зерттеулер»

Ары қарай оқу >>

Магистранттардың Мәскеу қаласындағы тағылымдамасы, Наурыз, 2017 ж.

13.04.2017

2017 жылдың 13-22 наурыз аралығында медико-профилактикалық іс мамандығының  магистранттары Баймаханов Б., Орғанов Б., Байтенова А., Омарова А., Елекенова Г.  Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен И.М.  Сеченов атындағы  Бірінші Мәскеу  мемлекеттік медициналық  Университетінің арасында әріптестік жөніндегі келісім-шарт аясында «Жалпы эпидемиология және дәлелді медицина негіздері. Өзекті жұқпалы аурулардың  эпидемиологиясы мен  алдын алу» бойынша БМММУ эпидемиология және  дәлелді медицина кафедрасында  ғылыми тағылымдамадан  өтті.  

Ары қарай оқу >>

ЭӘДҰ (ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘРІПТЕСТІК ЖӘНЕ ДАМУ ҰЙЫМЫ) БАҒДАРЛАМАЛЫҚ БАҒЫТТАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ»

07.04.2017

2017жылы 7 сәуірде  Астана қ EXPO-2017 бүкіл әлемдік көрмеге арналған  IV халықаралық фараби оқулары аясында Әл Фараби  кітапханасының 408 аудиториясында «Қоршаған орта қауіпсіздігі мен денсаулық. Заттардың қауіпсіздігі: ЭӘДҰ (экономикалық әріптестік және даму ұйымы) бағдарламалық бағыттарын  жүзеге асыру»  мультидисциплинарлық секция ЭӘДҰ бағдарламасының сарапшысы Хамидуллина Х.Х. (Ресей)  және  Санитарлық эпидемиологиялық сараптау және бақылау Ғылыми практикалық  орталығының  басшысы Нажметдинова А.Ш., Ұлттық нанотехнологиялық  зертхананың  жетекші мамандары,  биотехнология кафедрасының  мамандары мен әл Фараби атындағы ҚазҰУ  эпидемиология және гигиена кафедрасының  мамандарының қатысуымен өтті.  

Ары қарай оқу >>

Біліктілікті жоғарылатудың халықаралық циклі 2017 ж.

03.04.2017

2017 жылдың 3-8 сәуір аралығында  әл Фараби атындағы ҚазҰУ  эпидеиология және гигиена кафедрасында  университет пен  ресей медициналық академиясы арасындағы әріптестік жөніндегі келісім шарт аясында «Ресей тұтынуды бақылау «Ресей потенциалды қауіпті химиялық және биологиялық заттарды тіркеу»  ДДБМ (Денсаулық  сақтаудың дербес бюджеттік мекемесі) директоры,   Ресей Денсаулық Министрлігі ҚКББ ДМБМ (қосымша кәсіби білім беру  дербес мемлекеттік бюджеттік  мекемесі), «Токсикологиялық жаршы» ғылыми тәжірибелік журналының бас редакторының  орынбасары,  «Ресей үздіксіз білім берудің  медициналық академиясы» гигиена кафедрасының профессоры, м.ғ.д., Хамидулина Халидя Хизбулаевнаның қатысуымен  54 сағат көлемінде «Химиялық қауіпсіздік  аумағында  қоғамдық денсаулықты  қорғау органдарының жұмысының негізгі бағыттары»  тақырыбында   халықаралық біліктілікті жоғарылату курсы өтті.

Ары қарай оқу >>

2017 ж сәуір. Мәскеу қаласында магистранттардың өткен тағылымдамасы

20.03.2017

2017 жылдың 20-31 наурыз аралығында  медико-профилактикалық іс мамандығы бойынша  ғылыми педагогикалық  магистратурасының 2 курс магистранты Смағұлова Гүлсім Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен  мәскеу мемлекеттік университетінінің  арасындағы келісім шарт аясында  «медициналық  химия және  органикалық синтез» кафедрасының негізінде  «Ісікке  қарсы  дәрілік зат ретінде  төменгі молекулалық биологиялық белсенді  қосылыстардың дизайнын даярлау» тақырыбында  тағылымдамадан өтті. 

Ары қарай оқу >>

Қазақстан, Ресей және Әзірбайжан: медициналық көмекті көрсетумен байланысты жұқпалармен күрес;

14.12.2016

2016 жылы 14 желтоқсанда  әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстан, Ресей және Әзербайжан елдерінің  денсаулық сақтау саласы мен  медициналық білім беретін мекемелерінің  мамандарының басын қосқан халықаралық  дөңгелек үстел іс шарасы өтті. 60-тан астам өкілдердің, атап айтқанда, Қазақстанның емдік алдын алу мекемелерінің, тұтынушылар құқығын қорғау басқармаларының мамандары, С.М. Киров атындағы  Әскери медициналық академиясы, әл-Фараби атындағы Қаақ ұлттық университеті мен С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің   профессорлық-оқытушылар құрамы,  Қазақ медициналық  үздіксіз білім беру цниверситетінің қызметкерлері, Әзірбайжан елінің  медициналық ассоцациясының өкілдерінің басы біріккен  бұл шарада  «Медициналық көмекті  көрсетумен байланысты жұқпа қоздырғыштарына бақылау жүйесін ұйымдастыру» тақырыбы талқыланды.

Ары қарай оқу >>

2016 Ж. БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ БОЙЫНША ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЦИКЛ

12.12.2016

2016 жылдың  12-15 желтоқсан аралығында  эпидемиология және гигиена кафедрасында  Ресей Федерациясының  Қорғаныс  Министрлігі, С.М. Киров атындағы Әскери- медициналық академиясы,  госпитальды жұқпаларға  санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлімінің басшысы,  медицина ғылымдарының докторы, профессор  визитинг–профессор Колосовская Елена  Николаевнаның қатысуымен «Жұқпаны бақылаудың өзекті мәселелері» тақырыбында  біліктілікті жоғарылатудың халықаралық  циклі өтті.  Циклға  ТҚҚБД және ТҚҚБ дәрігер–эпидемиологтары, госпитальды эпидемиологтар,  жұқпаны бақылау комитетінің мүшелері, бактериологтар,  вирусологтар,  мемлекеттік  және жеке меншік емдік профилактикалық мекемелердің дәрігерлері,  Қазақстанның әртүрлі облыстарынан ЖИТС пен күресу бойынша орталықтарының мамандары қатысты.

Ары қарай оқу >>