Байтенова Нағима Жаулыбайқызы

БАЙТЕНОВА НАҒИМА ЖАУЛЫБАЙҚЫЗЫ

филос.ғ.д., профессор

Email: zhanat52@mail.ru

Teлефон: 8(727)292-57-17 (і.2125) 

Мекенжайы: Философия және саясаттану факультеті

Дінтану және мәдениеттану кафедрасы

Масанчи 39/47, 4-оқу ғимараты, 403-кабинет

 

БИОГРАФИЯ

1975 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия мамандығы бойынша философиялық-экономикалық факультетін (ФЭФ) бітірді. 

1991 жылы "Диалектика национального и интернационального как методологический принцип исследования" атты тақырыпта каңдидаттық диссертациясын, ал 1998 жылы — "Социально-философский анализ проблем межэтнической интеграции" атты тақырып бойынша докторлық диссертация қорғады.

Байтенова Н.Ж. шетелдік тағламалардан өткен: Индия, 2007 ж.; Египет, 2009 ж.; Малайзия, 2009 ж.; Чехия, Карлов университеті (Прага), Мармара университеті (Түркия, Стамбұл), Сельджук университеті (Түркия, Кония), Германия, 2012 ж., Ұлыбритания, 2013-2014 ж. 400-ден астам мақалалары бар, соның ішінде шетелдік басылымдардағы еңбектері (Thomson Reuters, Scopus), монографиялары, оқулықтары, оқу құралдары бар.

Соңғы 10 жылда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің іргелі және қолданбалы ғылыми жобаларын басқарған. Әр жылдары университет пен факультеттің Ғылыми кеңестердің мүшесі, ҚР ЖАҚ-тың эксперттік Кеңестің Ғалым хатшысы, философия мен саясаттану бойынша докторлық диссертациялық кеңестердің мүшесі, философиялық ғылымдар саласындағы докторлық диссертациялық кеңестің төрағасы, «КазҰУ Хабаршысы» журналының философия, саясаттану, мәдениеттану сериясының ғылыми редакторы болды.

Қазіргі күні Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің жанындағы PhD докторлық диссертацияларды қорғау бойынша диссертациялық Кеңес мүшесі, «ҚазҰУ Хабаршысы» журналының дінтану сериясының ғылыми редакторы, «Исламтану» (Ресей, Дағыстан) журналының редакция алқасының мүшесі болып табылады. Оның жетекшілігімен 15 кандидаттық және 5 докторлық диссертациялар, 1 PhD докторант және 50-ге жуық магистерлық диссертациялар қорғалды.

Профессор Байтенова Н.Ж. екі дүркін «Жылдың Үздік ұстазы» атағымен (2006, 2014), «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» медалімен (2008), «әл-Фараби атындағы КазҰУ 75 жыл», «әл-Фараби атындағы КазҰУ 80 жыл» медальдарымен, ҚР БжҒМ-нің «Көрнекті ғалым» номинациясы бойынша грант иегері (2009-2010), Халықаралық «Болашақ» бағдарламасы бойынша грант ұтып, Лондонда, Ұлыбританияда ғылыми тағылымдамадан өтті (2013-2014), 2015 ж. НААР «ТОР-50» рейтингінің қорытындысы бойынша (55 қатысушы-университеттердің арасында) Қазақстан Республикасының ЖОО педагогикалық ұжымының рейтингі бойынша 50 оқытушы қатарына енді, Мәдениет және спорт министрлігінің Дін істері жөніндегі комитетінің Құрмет грамотасымен, Мысырдың ҚР елшілігі жанындағы мәдениет және білім беру орталығының университетаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін Құрмет дипломымен марапатталды.


ҒЫЛЫМИ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТАРЫ

  • Қазіргі діни ахуал
  • Діни және дінтанулық білім берудің қазіргі мәселелері
  • Дінтанудың қазіргі заманғы мәселелері
  • Дін тарихы
  • Жаңа діни үрдістер
  • Қазіргі ислам ағымдары
  • Қазіргі ислам
  • Мемлекет пен дін арасындағы қарым-қатынас
  • Діни бірлестіктердің қызметін құқықтық реттеу
 

ТАҢДАЛҒАН ЖАРИЯЛАНЫМДАРЫ

  • Дінтану. Сөздік. 1-3том. (Религиоведение. Словарь)., на казахском языке, авторский коллектив. Алматы, «Қазақ университеті». 2016-2017.- 990с.
  • Қазіргі дәстүрден тыс діни қозғалыстар мен культтер. Авторский коллектив. Алматы, “Қазақ университеті». 2009.- 275б.
  • Қазіргі Қазақстандағы жаңа діни ұйымдар. Алматы, “Қазақ университеті». 2010.- 320 б.
  • Қазіргі Қазақстандағы дінтану: қалыптасуы мен даму жолдары. Алматы, “Қазақ университеті». 2014.
  • Cinske odpovede aj na nase nezodpovedane filozoficke otazky. Carnogurska M. a kol.( Vychod-Zapad: zakladne tendencie historickeho vyvoja svetovej filosofie) Kalligram: Bratislava, 2006– 293s.
  • Kazakistan ve Turkiye’de din-devlet iliskisi. (Государственно-религиозные отношения в Казахстане и Турции. – на казахском и турецком языках). Авторский коллектив. Istanbul (Турция, Стамбул), 2013
  • Энциклопедический словарь социологии религии / Под редакцией М. Ю. Смирнова. Авторский коллектив. СПб.: Платоновское общество. Россия, Санкт-Петербург, 2017
  • Български учен, ориентиран към изтока. Научен сборник в памета на проф.Емил Боев.( Ancient Turkic worships in Kazakhstan territory). Университетско издателство “Св. Климент Охридски”, Болгария, София, 2017
  • Vychod-Zapad: zakladne tendencie historickeho vyvoja svetovej filosofie. FILOZOFIA . 2004, Volume: 59   Issue: 2  - 75-80  с. (Scopus, Thomson Reuters)  
 

ОҚЫТУ

Магистратура:

  • Этно-діни сәйкестендірудің мәселелері
  • Дінтанулық сараптаулар әдістемесі
  • Қазіргі ислам ағымдары
  • Діни бірлестіктердің қызметін құқықтық реттеу

Докторантура:

  • Қазіргі әлемдегі дін
  • Мемлекет пен дін арасындағы қарым-қатынас
  • Исламдық білім беру және тәрбиелеу
  • Ислам қазіргі Қазақстанның мәдениетінде