Дінтану және мәдениеттану кафедрасына Техас технологиялық университетінің (АҚШ) профессоры, PhD Костика Брадатан шақырылды

V Халықаралық Фараби оқулары аясында (2018 жылдың 3-13 сәуірі) дінтану және мәдениеттану кафедрасына Техас технологиялық университетінің (АҚШ) профессоры, PhD Костика Брадатан шақырылды. Профессор магистранттар мен PhD докторанттарға «In Praise of Failure and Exile» тақырыбында дәрістер курсын оқыды. Профессор Костика Брадатанның негізгі ғылыми еңбектері дін философиясы мәселелеріне арналған (гностицизм; өзгеріс; азапты & ерікті өлім; өліммен тайталас; діни зорлық; құрбандық шалу; люденс алхимиясы; философиялық апологетика; “Философия Құдайы” және “Дін құдайы”, дін және кино; секуляризация / постсекуляризм), теология, философия тарихы, философия және фильм. «In Praise of Failure», «Dying for Ideas. The Dangerous Lives of the Philosophers» (кітап әлемнің 5 елінде аударылып, таныстырылды), «The Other Bishop Berkeley. An Exercise in Reenchantment», «Isaac Bernstein’s Diary», «An Introduction to the History of Romanian Philosophy in the 20-th Century» кітаптарының авторы.

Басылым күні :  23.04.2018