Студенттер мен жас ғалымдардың «ФАРАБИ ӘЛЕМІ» атты халықаралық ғылыми конференциясы

Студенттер мен жас ғалымдардың «ФАРАБИ ӘЛЕМІ» атты

халықаралық ғылыми конференциясы

(9-12 сәуір 2018 ж.)

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология және әлем тілдері факультеті 2017 жылдың 9-12 сәуір күндері өтетін студенттер мен жас ғалымдардың «ФАРАБИ ӘЛЕМІ» атты халықаралық ғылыми конференциясына қатысуға шақырады.

Конференцияға жұмысына Қазақстан Республикасы мен шетел студенттері, магистранттар, докторанттар, жас ғалымдар шақырылады.

Конференцияға қатысушылардың баяндамалары (тезис материалдары) 2018 жылдың 25 наурызына дейін қабылданады.

Конференцияның салтанатты жабылу рәсімі 12 сәуірде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттер сарайында өтеді.

 

Конференцияның негізгі мақсаты мен міндеттері:

1) студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми ізденістері мен оқу-танымдық іс-әрекетін ынталандыру;

2) студенттер мен жас ғалымдарды қазіргі ғылым мәселелерін шешуге тарту;

3) студенттердің шығармашылық қабілеттерін ашып дамыту және талантты, әрі дарынды студенттерге қолдау көрсету;

4) студенттердің интелектуалды мүмкіншіліктерін дамытуға ықпал ету.

Конференцияда төмендегідей секциялар жұмыс істейді:

► Дәстүрлі тіл білімінің жетістістіктері және XXI ғасырдағы тіл білімінің жаңа парадигмалары

► Қазіргі әдебиеттанудың өзекті мәселелері

► Тосқауылсыз тіл

► Ғаламның тілдік бейнесі және мәдениетаралық қарым-қатынас

► Орыс филологиясының өзекті мәселелері

► Шет тілдерін оқутыдың теориясы мен әдістемесі

► Мемлекеттік тіл – рухани жаңғыру тілі

 

Халықаралық конференцияның жұмыс тілдері - қазақ, орыс, ағылшын.

Конференцияға қатысты шығындарды қатысушылар өздері төлейді.

Тіркеу қағазы мен тезистердің электронды нұсқасын 2018 жылдың 25 наурызына  дейін конференция хатшылары қабылдайды.

Конференция материалдары жинақ түрінде баспадан шығарылады.

Конференцияға қатысушылар тіркеу қағазы мен тезисті келесі талаптарға сәйкес ұсыну керек:

Конференцияға қатысушыны тіркеу қағазы:

 

Аты жөні: ________________________________________________________________

Оқу немесе жұмыс істеу орны: _____________________________________________

Қызметі (студенттер үшін – курс), ғылыми дәрежесі: __________________________

Байланыс ақпараты: ______________________________________________________

Электронды мекен-жай: ___________________________________________________

Конференция жинағын жіберу мақсатында мекен-жайды көрсетіңіз: _____________

Конференция секциялары: _________________________________________________

Баяндама түрі: стенд баяндама немесе ауызша хабарлама: ______________________

Баяндаманы көрсетуге қажетті техникалық құралдар: __________________________

Студенттер үшін ғылыми жетекшінің аты жөні, ғылыми дәрежесі: _______________

 

КОНФЕРЕНЦИЯ МАТЕРИАЛДАРЫ КЕЛЕСІ ТҮРДЕ РӘСІМДЕЛУ КЕРЕК:

- Тезис көлемі: 1 бетке дейін;

- Бет параметрлері: жоғары - 2 см, төменгі - 2 см, сол жақ - 3 см, оң жақ- 1,5 см.

- Шрифт Times New Roman, KZ Times New Roman - 12pt

- Жоларалық интервал – бірлік, абзац - 1 см; кітаптық бағдар; беттер қойылымсыз және колонтитулсыз болуы тиіс; мәтін ені бойынша туралануы қажет;

Материалдарға қосымша, сондай-ақ автор (өтінім) туралы ақпаратты қамтуы тиіс. Файл avtor.doc деп аталынып, автордың аты, яғни конференцияға қатысушы студенттің аты латын әріптерімен жазылуы қажет. Мысалы, Ivanov.doc. Тезистер Microsoft Word форматында сақталынуы тиіс.

 

МАҚАЛАНЫ ОРЫНДАУ РЕТІ:  

Келесі жолдың ортасында БАС ӘРІПТЕРМЕН мақала атауы қою шрифтпен көрсетіледі.

Бір жолдан кейін мақала авторының аты-жөні Times New Roman 11pt., курсивті шрифтпен жолдың ортасында көрсетіледі.

Ғылыми жетекшінің аты-жөні төменде, Times New Roman 11pt., курсивті шрифтпен жолдың ортасында көрсетіледі.

Келесі жолда автордың е-mail көрсетіледі.

Бір жолдан кейін мақаланың өзі енгізіледі.

Конференцияның ұйымдастыру комитеті негізгі бағыттар мен негізгі талаптарға жауап бермейтін тезистерді баспаға ұсынбауға құқылы. Ұйымдастыру комитеті материалдарды өңдеу мен түзету жұмыстарын орындамайды. Әрбір тезистің авторы жіберген мәліметтері үшін жауапты.

Бір автор 2 тезисті жібере алады.

(!) Тезис мәтінінің көлемі 1 беттен аспауы тиіс (суреттер пайдаланылмасын).

Ұйымдастыру комитетіне келіп түскен материалдар конференцияның жинағында басылып шығады.

Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 050040, Алматы қ., әл-Фараби даңғылы, 71. Тел.: +7 (727) 3773339 ішкі 1321,1332 – филология және әлем тілдері факультеті Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының жетекшісі, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Құлжанова Бақытгүл. +77017314047. Конференция материалдарын мына электронды мекен-жайға жіберулеріңізге болады: farabi.alemi@gmail.com  

 

 

ТЕЗИСТІ РӘСІМДЕУ НҰСҚАСЫ 

 

М.МАҚАТАЕВ ӨЛЕҢДЕРІНІҢ ПОЭТИКАСЫ 

 

Айдапкелов С.,

Ибрашева М. жетекшілігімен

әл-Фараби ат.Қазақ Ұлттық университеті

 

e-mail: intel@mail.ru

 

Тезис мәтіні. Тезис мәтіні. Тезис мәтіні.