БАҚ біз туралы

ҚАЗАҚ ФОТОӨНЕРІНІҢ ШЕЖІРЕСІ / "Айқын" газеті

18.03.2018

Шарада Журналистика факуль­тетінің деканы Сағатбек Медеу­бекұлы: «Ақыл кіргеннен бастап өзінің көргенін, білгенін тасқа таң­балау арқылы кейінгі ұрпаққа қал­дыруды мұрат еткен фотоше­берлердің еңбегі ұшан-теңіз. Әр­қайсымыздың қолымызда мүм­кіндік бар бүгінгі кезде фотоөнер тіпті қиындаған секілді болып тұ­рады. Бірақ оны кәсіби шеберлікпен көріп, оны бағалау, қажетті сәттерді қалт жібер­мей, түсіріп алу және оны мил­лиондардың мүлкіне айналдыру – екінің бірінің қолынан келе бер­мей­ді. 

Ары қарай оқу >>

Ұлттық арнаның зертханасы ашылды / "Егемен Қазақстан" газеті

16.03.2018

«Qazaqstan» ұлттық арнасы – қазақ теледидарының қара шаңырағы. Телевизия саласындағы ұлттық бренд. 2011 жыл­дан бастап Елбасы Н.Назарбаевтың тапсырмасымен мемлекетіміздің ақпарат саясатын жүзеге асыратын «Qazaqstan» ұлттық арнасы жүз пайыз қазақ тілінде хабар тарата бастады. 

Ары қарай оқу >>

«Хабар» Агенттігінің кәсіби мамандары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да шеберлік сабақтарын өткізді

05.03.2018

Сағатбек Медеубекұлы, ҚазҰУ журналистика факультетінің деканы: - Заманауи технологияның ауысуына байланысты уақыт талабына қарай кәсіптің басында жүрген мамандардың келіп, нақты уақыттың адымымен бірге болып жатқан өзгерістерді кәсіби шеберлікті үйретуі тіпті пайдалы болады.

Ары қарай оқу >>

Ж.ҒАЛЫМ. Біртуар Шоқан Уәлихановты шындап тани білдік пе? /"Түркістан" газеті

23.02.2018

Ақын, жазушы Сейсен Мұхтарұлы (1946-1999) Шоқанды суретші, өнер зерттеушісі, өнер тарихшысы ретінде жаңа қырынан зерделеп, кітапқа енген 300-ден астам иллюстрациялық материалдар автордың тікелей атсалысуымен түпнұсқада жарияланды. Олардың көбі алғаш рет сол кітапта жарық көрді. Шоқантануға жаңа сүрлеу салған С.Мұхтарұлы тірі болса биыл 70 жасқа толар еді.

Ары қарай оқу >>

1918 жылы шыққан «Абай» журналының №12 саны табылды! / "Түркістан" газеті

23.02.2018

 Бірақ, осыған дейін басылымның №12 саны ешбір жерден табылмаған. Баспасөз тарихын зерттеуші Бейсенбай Кенжебаев «Қазақ баспасөзінің тарихынан» атты еңбегінде (1950 ж): «Абай» журналы 1918 жылдың  февраль айынан сол жылы октябрь айына дейін Семей қаласында шығып тұрды. Барлығы 11 саны шықты», – дейді. Бұндай пікірлер ғалым Қ.Аллаберген мен Ө.Әбдиманұлының еңбектерінде де көрініс табады.

Ары қарай оқу >>

Дизайнерлік білім беру мәселесі талқыланды / qazaqtimes.kz

23.02.2018

Сондай-ақ, ол елімізде мамандықты оқыту мерзімі қысқарса, мұғалімдер сағатының да қысқару жүйесі қалыптасқанын айтады. Ал мұндай жүйенің болмағаны жөн. "Мысалы Германияда сағат қысқару деген түсінік жоқ. Жалпы кредит сағаты бар. Олар бір профессорды жұмысқа алса оны сол жерде бес жыл ұстап отырады. Профессор және лекция оқушы профессор жұмыс істейді.

Ары қарай оқу >>

Кәкен Қамзин, профессор: Мына тұрған Польша ғой... / Qamshy.kz

23.02.2018

Поляк елі әлі евроға өте қоймапты, өз валютасын уыстарында мықтап ұстап отыр. Варшавадан Познаньға дейінгі теміржол билетінің бағасы 114 злотый. Екі шаһар арасы – үш-төрт сағаттық жол. Алты жандық арқалықты салонда төрт адамбыз. 

Ары қарай оқу >>

Назгүл Шыңғысова: Көпшілігі PR-ды құттықтау жазудан ары аспайды деп ойлайды / 7kun.kz

23.02.2018

Еліміздегі PR мамандығының оқытылуы, дағдарыс кезіндегі пиар және саясат пен шоу-бизнесте PR технологияларының қолданылуы туралы ҚазҰУ-дың журналистика факультеті ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғаммен байланыс кафедрасының меңгерушісі, профессор Назгүл Шыңғысовамен сұхбаттасқан едік. 

Ары қарай оқу >>

Журналистік білім – жаһандық бағыттар /egemen.kz

23.02.2018

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультеті ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғамдық медиа кафедрасы Халықаралық Фараби оқулары аясында Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік бюросының қолдауымен Халықаралық журналистиканы оқыту стандарттарына арналған II Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.

Ары қарай оқу >>