Қазақстанда климаттың өзгеруі: осалдығы және тұрақтылығы

24.01.2019

Көрулер: 2471

2019 жылдың 24 қаңтарында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Қазақстанда климаттың өзгеруі: осалдығы және тұрақтылығы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелдің жұмысына Қазақстан Республикасындағы Францияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Жоғары мәртебелі Филипп Мартинэ Мырза және климаттың өзгеруі саласында жұмыс атқаратын РМК «Казгидромет», ЖШС «География институты», академик У.М. Султангазин атындағы Ғарыштық зерттеулер институттарының мамандары мен метеорология және гидрология кафедрасының ғалымдары қатысты.

Университет ректоры, академик Г.М. Мутанов құттықтау сөзінде аталған дөңгелек үстелде қозғалып отырған тақырып өзектілігін атап кетіп, Жер беті атмосферасы температурсының жоғарлауын алдын-алу бойынша Халықаралық күштерді белсенді қолданауы үшін Франция Республикасына үлкен алғысын білдірді.

Қазақстан Республикасындағы Францияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Жоғары мәртебелі Филипп Мартинэ Мырза өзінің баяндамасында Францияның тартымтылығы, сонымен қатар талқыланып жатқан тақырыптың маңыздылығына тоқтала кетіп, климаттың өзгеруі мәселесі бойынша студенттердің академиялық ұтқырлылық бағдарламасы аясында алмасу мүмкіндіктері жайлы да атап кетті.

Дөңгелек үстел шегінде мамандар Қазақстанда климаттың өзгеруінің заманауи тенденциялары, қауіп факторлары мен оларға тұрақтылықты жоғарлату шараларын талқылады.

Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарының сапасын жоғарлату және де студенттердің білім алмасуы үшін халықаралық ынтымақтастықты дамыту, идеялармен алмасу, бірлескен ғылыми жобаларға қатысу және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің негізінде «Қазақстан-Франция» ғылыми-техникалық орталықты құру ұсынылды.