Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – UI GREEN METRIC RANKING 2018 қорытындысы бойынша Қазақстан университеттері арасындағы ең «тұрақты» университет
Көрулер: 2289
2018 жылдың 21 желтоқсанында тоғызыншы рет «экологиялық» даму тұрғысынан әлемдегі бірден-бір университет рейтингісі болып табылатын UI GreenMetric World University Rankings 2018 нәтижесі жарияланды. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аталған рейтинг нәтижесі бойынша қазақстандық университеттер арасында көшбасшылық орынды иеленіп, 172 орынға тұрақтады!
Бұл көресткіш университеттің тұрақты дамуы туралы идеяны алға жылжытуда және ІІІ Азия университеті форумында ұсынылған «Университеттің тұрақты дамуы үшін үлгі жоспарына» негізделген бірқатар іс-шаралардың нәтижесінде қол жеткізілді.
Рейтингте университеттердің 6 санат бойынша көрсеткіштері ескерілді:
• инфрақұрылым
• энергетика және климаттың өзгеруі
• қайта өңдеу
• суды тұтыну
• көлік және білім
Биылғы жылы «жасыл университеттер» рейтингісіне 81 мемлекеттен 719 университет қатысты. Бұл университеттердің «тұрақтылық» тұрғысынан үздік университеттер қатарына қосылу қызығушылығының артқанын көрсетеді. Өткен жылы бұл рейтингке 76 елдің 619 университеті қатысты. Биылғы жылы «жасыл университеттер» тізімі Бельгия, Болгария, Коста-Рика, Хорватия, Мальта мемлекеттерінің жоғары оқу орындарымен толықты.
Темірбаева К.А., PhD, тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының аға оқытушысы
Шокпарова Д.К., PhD, география және табиғатты пайдалану факультеті деканының орынбасары