DAAD гранты бойынша Германияға танысу сапары

29.10.2018

Көрулер: 3050

Дипл.- инж. Я. Гроскопф және проф., докт.- инж. Б. Резниктің ашық дәрісі Берлин Бойт атындағы жоғары техникалық мектебі


DAAD (Deutscher Akademischer Austauschdienst) – халықаралық академиялық алмасуларды қолдау жөніндегі қоғамдық ұйым құқығындағы ең ірі бүкілгермандық бірлестік, ол конкурстық негізінде бакалавриат және магистратура білім алушыларына, жас ғалымдарға, докторларға, жоғары оқу орындарының ғылыми қызметкерлеріне шәкіртақы бөледі.

Сатбергенова А. К. география және табиғатты пайдалану факультетінің 6D071100 – "Геодезия" мамандығы бойынша 1 курс докторанты, ҚарМТУ МІжГ кафедрасының аға оқытушысы магистранттарымен бірге DAAD бағдарламасы бойынша байқауға қатысты. Конкурстық іріктеу нәтижелері бойынша 15 білім алушылардан тұратын топ А. К. Сатбергенованың жетекшілігімен үш ірі Университеттерге, ИнтерГео-2018 көрме-конференциясына, DMT GmbH&CoKG компаниясының офисіне бару үшін грант ұтып алды.

Проф., докт.-инж. Б. Резник шақыруы бойынша топ мүшелері Берлин қаласында Бойт атындағы Жоғары техникалық мектебінің «Инженерлік құрылыс және геоақпараттық жүйелер» кафедрасында шетелдік магистранттармен бірге дәрістерлерге қатысты.

Георг Агрикола атындағы Жоғары техникалық мектебінде (Бохум қ.) жоғары білімді дамыту жөніндегі Вице-Президенттің проф., докт.-инж. У. Пашедаг, халықаралық бөлім басшысы Д. Науман-Эль Кады және дипл. - инж. Х. Петерс шақыруымен қазақстандық тобы Білім Ордасының жаңа зертханаларында, "Post Mining" зерттеу орталығы мен "Smart Building System" робототехника орталығына көріп кетті.

Георг Агрикола атындағы Жоғары техникалық мектебінде (Бохум қ.)


«DMT GmbH&Co.KG» бас кеңсесіне барған кезде Эссенде дипл.-инж. О. Губер және Жер бетінің өзгеруіне арналған жобалық басшысы докт.-инж. K. Циммерман шақыруымен 15 білім алушылардан тұратын топ әлемдегі ең жаңа технологиялар мен коммуникацияларға сәйкес заманауи құрылғыларды әзірлеу және жинақтау үшін бірегей зертханаларға барды. DMT GmbH&Co.KG мамандары үздік жобаларды Қазақстан Республикасында және әлемде ең танымал проектілерін кен оңдеу, көмір, түсті және полиметалл кендерінде, мұнай және газды өндіру және т.б. барысында тобымызға ұсынды.

докт. Ю.тэ Кук и дипл.-инж. О. Губер презентациясында


Аахендегі Рейн-Вестфаль техникалық университетінде докт-инж. Р.Шульте шақыруымен қазақстандық делегациясы тау-кен жұмыстарын жүргізу және геофизика институтында болды. Оқу сапары кезінде докт.-инж. Ю. Катэлоэ және жас ғалымдар тобы Д Бекерс, К. Брюкер және М.Гургел өздерінің ғылыми жетістіктерін маркшейдерлік және тау-кен жұмыстарында, шикізатты өңдеуден кейін қайта өңдеу жұмыстарымен таныстырып, ескі көмір шахталарынан босатылған метан газын қайта өңдеу перспективалары туралы айтып берді.

Геодезия және геофизика институтының  ғимаратының төбесінде бекітілген жоғары дәлдіктегі геодезиялық желінің оқу нүктесінде (Ахен)


16-18 қазан 2018 жыл Франкфурт-на-Майне қаласында 24-ші жетекші халықаралық көрме-конференция геодезия және геоақпараттық жерді басқару технологиялары InterGEO-2018 өтті. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Картография және геоинформатика кафедрасының меңгерушісі проф., т.ғ.д. Х.М. Қасымқанова ҚР БжҒМ-нің «Университеттің үздік оқытушысы - 2017» грантының бойынша, доцент, т.ғ.к. Г.К. Жанғұлова және бұрынғы әріптесі, қазір Ауыл шаруашылығы комитетінің қызметкері Фройденштадта (Германия) докт.-инж. Д.Мозер InterGEO-2018 көрме-конференциясына қатысты.

 

nterGEO 2018 көрмесінде Қазақстан мен Германияның ғалымдарының жұмыс сапары

 

Сапардың барлық қатысушылары DAAD - неміс академиялық алмасулардың сервисіне, сондай-ақ Германияға құнды ғылыми, білім беру, мәдени және рухани сапарлар ұйымдастыруға көмектескен барлық профессорлар мен жетекшілерге алғысын білдіреді.

 

Автор: Сатбергенова Әсел Қуандыққызы

E-mail: a.satbergenova@gmail.com


© Фотосуреттерді көшіру тек авторлардың жазбаша рұқсатынсыз жүзеге асырылады