«Менің Кіші Отаным» жас тарихшылар республикалық интеллектуалдық конкурсы

03.11.2018

Көрулер: 3197

1-3 қараша аралығында тарих, археология және этнология факультеті «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығымен бірлесе отырып мектеп оқушылары арасында «Менің Кіші Отаным» жас тарихшылар республикалық интеллектуалдық конкурсын өткізді. Конкурсқа Қазақстанның барлық облыстарынан жиналған оқушылар қатысты.

1 қараша күні іс-шараның ашылу салтанаты мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кампусы бойынша оқушыларға экскурсия жүргізіліп, Жалын фестиваліне қатысып, студенттердің өнерін тамашалады;

Келесі күні оқушылар, тест тапсырып, төрт секция бойынша Менің Кіші Отанымның тарихы, символдары, болашағы тақырыптарында презентация қорғап, эссе жазды. Оқушылардың дайындық деңгейі өте жоғары деңгейді болды. «Менің Кіші Отанымның болашағы» секциясында қолдан жасалған макеттердің дизайны мен қатысушылар қиялдарының ұшқырлығы таң қалдарды.

3 қараша күні жеңімпаздарды марапаттау  және сайыстың салтанатты жабылуы өтті.

Тарих, археология және этнология факультеті