Алаш көсемі Әлихан Бөкейханов

12.10.2018

Көрулер: 2512

Онлайн-конференция Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің тарих, археология және этнология факультеті, «Қазақстан тарихы» кафедрасының профессоры

Ф.А.Қозыбақованың жетекшілігімен, математика мамандығы, 1 курс, 1-ші топ студенттерінің ұйымдастыруымен бұл шараға механика және математика мамандығының студенттері де қатысты. Онлайн-конференция барысында Әлихан Бөкейхановтың өмірі мен халқына тигізген үлкен әсері, біз үшін алатын орны, еңбектері артықшылықтары мен басымдылық тұстары айтылды. Сонымен қатар, ҚазҰУ-нің Қазақстандағы және әлемдік аренадағы рөлі мен маңызы айшықталды. Сұрақ алмасу арқылы берілген мәліметтер толықтырылды.

Қазақстан тарихы кафедрасы - Қозыбақова Ф.К.