Түркі әлемінің халықаралық симпозиумы

27.04.2018

Көрулер: 3288

2018 жылдың 24-27 сәуір аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Тарих, археология және этнология факультеті мен Ататүрік «Мәдениет, тіл мен тарих» ғылыми-зерттеу орталығы біріге отырып Алматы қаласында «ХХ ғасырдың басынан бастап бүгінгі күнге дейінгі түркі әлемінің саяси, экономикалық және мәдени дамуы» атты халықаралық симпозиум өткізді. Симпозиум жұмысына Әзірбайжан, Түркия, Татарстан, Ресей аймақтарынан 50-ге тарта ғалымдар тобы келіп бас қосты. Тарихымыздан белгілі болғандай ХХ ғасырдың алғашқы жартысындағы барлық мемлекеттердің соғыс пен соғыстан кейінгі кезеңі күрделі жағдайға жетіп, бүкіл әлемдік саяси-әлеуметтік және экономикалық дамуда үлкен өзгерістер орын алды.

Симпозиумның негізгі мақсаты ұлан-ғайыр аймақты алып жақан түркі-мұсылман әлеміндегі тарихи, мәдени, экономикалық, саяси және әскери өзгерістер мен олардың нәтижелерін, олардың әр бір аймақтағы әсері мен көрінісін ғылыми тұрғыдан ортаға салып, өзара пікір алмасу.

Тарих, археология және этнология факультеті