Жаңалықтар

Биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасының б.ғ.д., профессоры ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі ТӨЛЕУХАНОВ СҰЛТАН ТӨЛЕУХАНҰЛЫ «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖЫЛ АДАМЫ» ордені және I дәрежелі дипломмен марапатталды

20.01.2024

     Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Биология және Биотехнология факультеті, Биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасының б.ғ.д., профессоры ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі ТӨЛЕУХАНОВ СҰЛТАН ТӨЛЕУХАНҰЛЫ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына жолдауын қоғамға кеңінен насихаттау мақсатында өткен республикалық байқауда қоғам дамуына қосқан айрықша еңбегі үшін «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖЫЛ АДАМЫ» ордені және I дәрежелі дипломмен марапатталды.

    Республикалық деңгейдегі бұл байқаудың басты мақсаты: ел егемендігінің өркендеуі мен дамуына үлес қосқан,Тәуелсіздік жылдары өз мамандығының хас шебері атанған тұлғалар мен азаматтарды қоғамда кеңінен насихаттау болып табылады.

    Профессор Сұлтан Төлеуханұлын осындай жүлделі орнымен шын жүректен құттықтаймыз! Жұмысына сәттілік пен табыс тілейміз.

Ары қарай оқу >>

Биотехнологтар құнарлы сүт өнімдерінің бірегей рецептерін ойлап тапты

12.10.2023

2023 жылдың 11 қазанында биология және биотехнология факультетінде әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің биотехнология бағытының студенттері жаһандық аштық мәселесімен күресу жауапкершілігін өз мойнына алды. Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) шеңберінде студенттер «Өнеркәсіптік биотехнология» пәні аясында құнарлы сүт өнімдерінің бірегей рецептерін әзірледі. Бұл жоба биотехнология кафедрасының оқытушысы А.С. Қыстаубаева және студенттердің бірлескен күш-жігерінің арқасында мүмкін болды.

Ары қарай оқу >>

"Биотехнология" білім беру бағдарламасының студенті Доир Хегай ақысыз грантқа ауыстырылды

09.10.2023

Биология және биотехнология факультеті «Биотехнология» білім беру бағдарламасының студенті Доир Хегай ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің  бұйрығымен ақылы бөлімнен қосымша мемлекеттік грантқа ауысты. Факультет деканы, б.ғ.д., профессор М.С. Құрманбаева мен биотехнология кафедрасының меңгерушісі А.С. Қыстаубаева студентті жеңісімен құттықтап, әрі қарай оқуда озат болуына тілектестіктерін білдірді.

Ары қарай оқу >>

Е.Н.Лукьянчикованың ЖРВИ және туберкулездің алдын алу жайлы дәрісі өтті

08.10.2023

Дәріскер Е.Н.Лукьянчикова ЖРВИ және туберкулездің алдын алу туралы дәріспен биология және биотехнология факультетінде болды. Дәріске бакалавриаттың 1-4 курс студенттері қатысты. Оқушылар суық тию (ЖРВИ – жедел респираторлық-вирустық инфекция, ЖРА – жедел респираторлық аурулар және тұмаудың пайда болуының алғышарттары мен алдын алу тәсілдері), тұрғындар арасында туберкулездің алдын алудың негіздері – ағзаның қорғаныштық қабілетін арттыруға бағытталған шаралар: рационалды және уақтылы тамақтану, темекі шегуден және алкогольдік ішімдіктерді әуестене пайдаланудан бас тарту, дұрыс еңбек режимін сақтау, шынығу, салауатты өмір салтын сақтау екені жөнінде білімдерін толықтырды.

Ары қарай оқу >>

Факультет оқытушылары мен студенттері сенбілікке қатысып, тазалық жұмыстарын жүргізді

07.10.2023

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да жалпы университеттік сенбілік өтті. Университет аумағындағы бөлінген бөлімшені тазалауға Биология және биотехнология факультетінің оқытушылары мен студенттері де белсене атсалысып, тазалық жұмыстарын жүргізді. Сенбілікке қатысу студенттердің, қоғамның назарын тазалық сақтауға аударып, еңбекке тәрбиелеп қана қоймай, экологиялық мәдениетті қалыптастыруда маңызды шаруа болып табылады.

Ары қарай оқу >>

“Денсаулық-зор байлық” тақырыбындағы дөңгелек үстел

07.10.2023

7-қазан күні “Денсаулық-зор байлық” тақырып аясында дөңгелек үстел шарасы өтті. Іс-шара барысында студенттерге дұрыс өмір сүрудің жолдары мен қағидалары айтылды және денсаулыққа байланысты студенттер өздерінің ой-пікірлерімен бөлісті.

23-02 қазақ тобы, эдвайзер: Доқтырбай Гулина.

Ары қарай оқу >>

Педагог-психолог А.М. Тастанның дәрісі

05.10.2023

Биология және биотехнология факультетіне педагог-психолог Амангелді Мейрамбекұлы Тастан келіп, факультеттің бакалавриат және магистратура студенттеріне "Cапалы білім және әділ кәсіп" тақырыбында дәріс оқыды.

Ары қарай оқу >>

Цукуба университетімен студенттермен алмасу бағдарламасы туралы студенттердің әсері

03.10.2023

2022 жылдың соңында Цукуба университеті біздің ҚазҰУ университетімен студенттік алмасу бағдарламасын ұсынды. Әл-Фараби. 2023 жылдың басында нәтижелер жарияланды-25 студент іріктеуден өтті. Биология және биотехнология факультетінен екеуі - Тяпкина Евгений мен Халикова Камила таңдалды. Өз тарихымызбен бөлісуге рұқсат етіңіз. Әрине, университеттің өзін сипаттаудан бастайық.

Ары қарай оқу >>

Докторант Серік Самиғұлұлы Бакиевтің алдын-ала қорғауына шақырамыз

02.10.2023

Құрметті әріптестер!

Сіздерді молекулалық биология және генетика кафедрасы "8D05104 - Генетика" мамандығының докторанты Серік Самиғұлұлы Бакиевтің «Бактериофаг эндолизиндері және олардың бекіре тұқымдас балықтарының бактериялық қоздырғыштарын инактивациялаудағы тиімділігін бағалау» тақырыбындағы алдын-ала қорғауына шақырамыз!

Алдын-ала қорғау 6 қазан күні сағат 11:00-де 322 аудиторияда өтеді.

Ары қарай оқу >>