VI Халықаралық журналистика және коммуникация қысқы мектебі
Көрулер: 2252
2018 жыл 6-9 ақпан аралығында әл-Фараби ат. ҚазҰУ Журналистика факультеті ұйымдастыруымен Бүкіләлемдік радио күніне арналған «Әлеуметтік медиа - төзімділік және цифрлық диалог құралы» VI Халықаралық журналистика және коммуникация Қысқы мектебі өтеді.
2014 жылдан бері әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Журналисткиа факультеті Алматы ЮНЕСКО Кластерлік Бюросы қолдауымен Бүкіләлемдік радио күініне арналған Халықаралық журналистика және коммуникация қысқы мектебін өткізіп келеді.
Қысқы мектеп Алматы облысы Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық саябағында орналасқан «Тау-Тұран» Білім беру-сауықтыру кешенінде өткізу дәстүріне берік. Қысқы мектеп білім алушы жастар мен практик журанлистер арасындағы медиа диалог алаңына айналды.
Биылғы жылы әл-Фараби ат. ҚазҰУ ЮНЕСКО-ның: «Диалог, төзімділік және бейбітшілік» тақырыбын қолдайды.
Модульдар:
1) Әлеуметтік медиа және цифрлық сауаттылық;
2) Әлеуметтік медиа және төзімділік;
3) Әлеуметтік медиа және лингвокоммуникация;
4) Әлеуметтік медиа және цифрлық диалог.
Қысқы мектеп жұмысына Франция, Жаңа Зеландия, Ауғанстан, Ресей, Өзбекстан, Қарақалпақстан, Қырғызстан және Қазақстан өңірлерінен дәріскерлер, журналистер, студенттер, оқытушы–профессорлар қатысады деп күтілуде.
Ұйымдастырушы: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Журналистика факультеті «Медиасфера» гуманитарлық ғылыми зерттеу орталығы.