Тәуелсіз Қазақстан баспасөзі тарихына болашақ бағдар

11.12.2018

Көрулер: 2416

2018 жылдың 10-желтоқсаны күні журналистика факультетінің 1-курс студенттері мен 2-курс магистранттарының ұйымдастыруымен «Тәуелсіз Қазақстан баспасөзі: кешегісі мен бүгіні» атты тақырыпта тәрбие сағаты өтті.

Тәрбие сағаты барысында қазақ баспасөзінің тарихы ХІХ ғасырдың аяғында басталып, бүгінгі күнге дейін жеткендігі жəне тарихи дамудың əр кезеңдерінен өткен отандық газет-журналдардың жалпы жағдайы туралы жан-жақты пікірлер айтылып, сахналық қойылымдар көрсетілді.

Тәуелсіз Қазақстанның мерзімді басылымдар тарихына асқан қызығушылық танытқан студенттер өлең жолдарын оқып, ән айтып, арнауларын паш етті. Қазақстандық БАҚ-тың түрлі саласында қызмет етіп жүрген магистранттар болашақ мамандарға өз тәжірибесі хақында сыр шертіп, ақыл-кеңестерін айтты. Бұл шараға Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының профессоры міндетін атқарушы Римма Жақсылықбаева жетекшілік етті. Тәрбие сағатының құрметті қонағы болған журналистика факультетінің деканы Сағатбек Медеубекұлы шәкірттерінің талпынысы мен талабына ризашылық білдіріп, сәттілік тіледі.