«Атамұра» баспасының мамандары ҚазҰУ де шеберлік сағатын өткізді

16.10.2018

Көрулер: 2705

Бүгін күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, журналистика факультеті, баспагерлік, редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасының ұйымдастыруымен, «Баспа ісі» мамандығының студенттеріне арналған «Атамұра» баспасының жүргізуші редакторы Райбаева Райханнның шеберлік сағаты өткізілді.

 

Шеберлік сағаттың басты мақсаты - «Баспа ісі» мамандығы студенттерінің кәсіби сауаттылығын арттыру.

 

Шеберлік сағаттың барысында редакторлық қызметтің қыр-сыры, баспада жарық көретін басылымдардың түрлері, баспагерлер мен дизайнерлердің атқаратын қызметтерімен таныстырған «Атамұра» баспасының жүргізуші редакторы Райхан ханым, студенттердің жүрегіне бірден жол тапты. Шеберлік сағатта дәстүрлі дәріс оқумен қатар, студенттерді қызықтыратын сауалдарға да жауап берілді.

 

Білімгерлердің пікірін ескеріп, сала мамандарын тарта отырып осы бастаманы жүзеге асыру арқылы жастардың мамандыққа деген қызуғышылығын, біліктілігін, білімін арттыру қолға алынды. Осындай шеберлік сағаттардың студенттерге де, жас оқытушыларға да берері мол екені сөзсіз.