«Қорғансыздың күні»

28.09.2018

Көрулер: 3686

«ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап» — Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жастарға, жалпы қоғамға ұсынған тың жобасы болып табылады. Журналистика факультетінің, ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғаммен байланыс кафедрасының 3 курс студенттерінің қатысуымен Рухани жаңғырудың Жүз кітап жобасы бойынша кураторлық сағат өткен болатын. Топтың куратор-эдвайзері Мұсаева Баян Асқарқызы, алдымен рухани жаңғырудың қазіргі жас ұрпаққа қаншалықты маңызды екеніне тоқтала кетіп, М.Әуезов шығармаларына қысқаша шолу жасап өтті.

Сандық технологияның қарқындап дамуының артықшылықтары көп. Алайда кемшін тұстары да жоқ емес. Солардың бірі жас ұрпақтың кітап оуға деген ынтасының төмендеуі болып отыр.

Жүз кітап жобасының жастардың рухани дамуына септігін тигізері сөзсіз. Себебі, кітап оқу арқылы адамның санасы кеңейіп. ақылы толысады.

М.Әуезовтың «Қорғасыздың күні» әңгімесі 1922 жылы болған оқиға желісімен жазылған. Бұл әңгіме сол кездегі қазақ өмірін сипаттап қана қоймай, тартқан тауқыметтерін ашық бейнелей білген бірден-бір шығарма. Шығарманың басты кейіпкері – Ғазиза. Шығармадан үзінді:

«...Дүниені қараңғылық басты. Ғазизаның үрейі үшып, жүрегі тулап, есі шыққан-дай болып, сезімнің бөрі жоғалып, жалғыз-ақ «құтылсам-ау!» дегенді ойлап, қайта-қайта қатты жұлқынып ұмтылды. Сезімі жоқ, қатты ұстаған мықты кол рақым ойлап жібермеді. Еріксіз өз еркіне көндірді. Жалғыз-ак қараңғы қуыста жалынған, жалбарынған, біресе есі кетіп, жүрегі жаншылып, үзіп-үзіп жылаған дыбыстар келеді. Сезімі жоқ жауыз қара күштің қылған күнәсі мен зұлымдығына қатты тоң жер, суык балшық, көрдей қап-қараңғы дүние куә болды..». Жазушы осы арқылы қатыгез адамды ешқандай сыр-мұңмен еліте, жібіте алмайтыныңды тап басып жеткізеді. Қасірет емес ар алдындағы арсыздық еді. Ешқандай күнәсі жоқ, нәп-нәзік сұлу қызды қара бұдыр күштің иесі жазықсыз жазалады.

Сабақ соңында студенттер пікірлерін ортаға салып, оқиғаны қазіргі кезбен сапыстырып өз ойларын білдірді.