«Қаржылық сауаттылық немесе криптовалюта туралы сіз не білесіз?»

01.10.2018

Көрулер: 2521

2015 жылы Қазақстан Президенті БҰҰ Бас Ассамблеясының жалпы пікірталастарында сөйлеген сөзінде ұлтаралық әлемдік валютаны құруды ұсынған болатын. Бүгінгі өткізілген мастер класс та дәл осы тақырыпта өтті.  Студенттерге криптовалюта туралы жалпы түсінікті бере отырып, қазіргі жас буынның қаржылық сауаттылықтарын арттыру мақсатында блокчейн сияқты жаңа инновациялық бастаманың артықшылықтары туралы сөз қозғалды.

«Валюта тұтынушыларға тәуелді бола отырып, қарпайым әрі транспарентті эммисия механизмі бойынша жұмыс жасауы қажет. Цифровизацияны алға тарта отырып, блокчейн сияқты технологиялардың дамуы- криптовалютаның есептесу бірлігі ретінде қолданысқа енгілуін қарастыруымыз қажет»  - деп айтты Н. Назарбаев оныншы Астана экономикалық форумның планарлық отырысында.

Мастер класс өткізуге арнайы шақыртылған блокчейн саласындағы кызметкерлері әңгімелерін дәл осы президент сөзімен бастап, Катаев Борис пен Жоламанов Айдын криптовалюта саласының маңыздылығы мен өзектілігіне жеке тоқталып, студенттерге толық мағлұмат беруге тырысты. Бас-аяғы екі сағатқа созылған дәріс студенттердің көңілдерінен шыққаны білініп тұрды. Толассыз сұрақтар қойылып, мастер класс соңына таман ойындар ойнатылып, жеңімпаз студенттер арнайы криптовалюта бірліктеріне ие болды. Олар Жеткерген Сара - 1курс, Нұрбай Шыңғыс -1 курс, Бейсенғазы Төлеужан - 1