Конституциялық Кеңес жариялаған байқаудың жеңімпаздары марапатталды

22.04.2018

Көрулер: 2292

Салтанатты жиынға Конституциялық Кеңес төрағасы Қайрат Мәми, Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов, Конституциялық Кеңес мүшесі Унзила Шапаққызы, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының атқарушы директорының кеңесшісі Әлия Қайшарова қатысты. Кездесуде алғысөзді алған Қайрат Мәми Конституцияның маңыздылығын егжей-тегжейлі түсіндіріп берді. Сонымен қатар Қазақстанның дамыған 30 елдің қатарына кіруіне күш салатынын айта келіп, бұл жолда білімді жастардың орны ерекше екенін еске салды. Конкурс Конституцияның кемелді қуаттылығын нығайту, оны кеңінен насихаттау, сондай-ақ жастардың құқық саласындағы білімін арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Тұтастай алғанда республиканың түкпір-түкпірінен бас-аяғы 429 жұмыс түсіпті. Оның 283-ін студенттерден келсе, қалған 146 эссені елордалық оқушылар жазған. Өз кезегінде Асхат Аймағамбетов мұндай ауқымды іс-шара алғаш рет өтіп отырғанын айта келіп, жастардың құқықтық мәдениетін арттыру маңызды екенін жеткізді.

Байқаудың қорытындысы бойынша студенттер арасында 1-орын алған Қазақ ұлттық университетінің 2-курс студенті Дастан Қастай ата-бабамыздың заңға бұрыннан жақын екенін айтып, ойымен бөлісті


Толығырақ: https://egemen.kz/article/167021-konstitutsiyalyq-kenhes-zhariyalaghan-bayqaudynh-zhenhimpazdary-marapattaldy